Құжат мәтініне өту

Ақжайық ауданы халқын жұмыспен қамтудағы іс - шаралар туралы

Қаулы · № 219 · қабылданған 08.07.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.07.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-41071/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Ақжайық ауданы халқын жұмыспен қамтудағы іс - шаралар туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 219 ·08.07.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Ақжайық ауданы халқын жұмыспен қамтудағы іс - шаралар туралы

ҚАЗАқжайық ауданы халқын жұмыспен қамтудағы іс - шаралар туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 219 · қабылданған 08.07.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ақжайық ауданы халқын жұмыспен қамтудағы іс - шаралар туралы
Атауы (қаз.)
Ақжайық ауданы халқын жұмыспен қамтудағы іс - шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
219
Қабылданған күні
08.07.2008
Көрсетілген редакция
08.07.2008 · қолданыстағы 41071_329716.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
08.07.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZB000058
ЭКБ идентификаторы
41071
Редакция идентификаторы
41071_329716
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:08

0 Ақжайық ауданы халқын жұмыспен қамтудағы іс - шаралар туралы

Аудан халқын экономикалық тұрғыдан, жұмыспен қамтылмаған бөлігін жұмыспен қамтуды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №836 қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған қоғамдық жұмыстар жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері бекітілсін.

2 2. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесіне жазғы демалыс уақытындағы студенттер және каникул уақытындағы орта мектептердің 9-10- шы сынып оқушыларымен толықтырылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Т.Қайрекеевке жүктеліп, бақылауы аудан әкімінің орынбасары М.Жұматоваға тапсырылсын.

5 Қоғамдық жұмыстар жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері

Ақжайық ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «8» шілдедегі
№ 219 қаулысымен бекітілген
Қоғамдық жұмыстар жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері
Қоғамдық жұмыстар жүргізетін ұйымдар.
Қоғамдық жұмыстардың түрлері.
Қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері
Қаржыландыру көзі
Алғабас
ауылдық округі
Алмалы
ауылдық округі
Ақсуат
ауылдық округі
Ақжол
ауылдық округі
Базартөбе
ауылдық округі
Базаршолан
ауылдық округі
Бударин
ауылдық округі
Есенсай
ауылдық округі
Жаңабұлақ
ауылдық округі
Жамбыл
ауылдық округі
Жайық
ауылдық округі
Қабыршақты
ауылдық округі
Қарауылтөбе
ауылдық округі
Қурайлысай
ауылдық округі
Мерген
ауылдық округі
Сарытоғай
ауылдық округі
Тайпақ
ауылдық округі
Чапаев
ауылдық округі
- Ауыл тазалығы, күл-қоқыстан көшелерді тазалау, елді мекендерге ағаш, гүл отырғызу, көгалдандыру, арықтарды тазарту барысындағы жұмыстар.
- Елді мекендердегі қираған құрылыс объектілерінің, бүлінген жол, су жүйелерінің орындарын тазалау жұмыстары, тұрғын үй, қора жәй салуға қажетті саман тас соғу, қамыс шабу, тал-шетен тоқу, тағы сол сияқты жергілікті құрылыс материалдарын дайындау жұмыстарына қатынасу.
- Күрделі жөндеуден өткізілген кәсіпорындар мен тұрғын-үйлердің аумағын көгалдандыру, абаттандыру, тазалау жұмыстарына қатысып көмектесу.
- Тарихи ескерткіштерді күтіп-баптау, демалыс саябақтарын экологиялық, санитарлық жағдайын қалыпты ұстау жұмыстарына қатынасу.
- Аудан, ауыл көлеміндегі көпшілік мәдени-спорттық шараларын ұйымдастыруға көмектесу.
- Республикалық және аймақтық қоғамдық шараларға қатысу (қоғамдық ой-пікірін сұрастыру, халықтың санағын және мал басының есебін алу, референдум мен сайлау өткізу, мүлік жариялау, әлеуметтік карталар мен құжаттарды құру, күзгі және көктемгі қарулы күштері қатарына шақыру, зейнетақы мөлшерін қайта санау.)
- Мекеме, кәсіпорын ұйымдарының сұранысы бойынша ұйымдастыру-көпшілік іс-шараларына жәрдемдесу.
Жылма-жылғы «Республикалық бюджет» Заңында белгіленген мөлшерге сәйкес.
Жұмыстың күрделігіне қарай төлем мөлшері 1, 3 есеге өсуі мүмкін.
Жергілікті бюджет