Об утверждении порядка проведения конкурса (тендера) по предоставлению права на промысловый лов рыбы и других водных животных, объемов их вылова, а также закреплению промысловых участков на водоемах области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсiптiк балық және басқа су жануарларын аулау құқығын беру, оларды аулау мөлшерiн, сондай-ақ облыс су айдындарындағы кәсiптiк балық аулау учаскелерiн бекiту жөнiндегi бәсеке /тендер/ өткiзу тәртiбiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 225 шешімімен.
Тармақ 1
1. Кәсiптiк балық және басқа су жануарларын аулау құқығын беру, оларды аулау мөлшерiн,сондай-ақ облыс су айдындарындағы кәсiптiк балық аулау учаскелерiн бекiту жөнiндегi бәсеке /тендер/ өткiзу тәртiбi бекiтiлсiн /қоса тiркеледi/.
Тармақ 2
2. Бәсекенi өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн /қоса тiркеледi/.
Басқа 3. Табиғат пайдаланушыларға кәсiптiк балық және басқа су жануарларын аулау құқығын беру, оларды аулау мөлшерiн және су айдындарындағы кәсiптiк балық аулау учаскелерiн бекiту жөнiндегi бәсеке /тендер/ туралы ЕРЕЖЕ
Облыс Әкiмінiң 1997 жылғы 12 мамырдағы № 114 шешiмiне № 1 қосымша Табиғат пайдаланушыларға кәсiптiк балық және басқа су жануарларын аулау құқығын беру, оларды аулау мөлшерiн және су айдындарындағы кәсiптiк балық аулау учаскелерiн бекiту жөнiндегi бәсеке /тендер/ туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Бәсекелiк үлестiру объектiлерi болып мыналар табылады: - кәсiптiк балық және басқа су жануарларын аулау құқығы; - су айдындарындағы балық аулау учаскелерiн бекiту; - балық және басқа су жануарларын аулау мөлшерi /лимитi/.
Тармақ 2
2. Бәсекеге қатысу үшiн мынадай құжаттар негiз болып табылады: табиғат пайдаланушының өтiнiшi, табиғатты пайдалану жобасы /Шардара және Бөген су қоймаларында/ немесе жұмыс жоспары /бизнес-жоспар/ - басқа су айдындарында, сондай-ақ мына мекемелердiң сараптық тұжырымы қажет /экологиялық сараптау/: а/ Шардара су қоймасында жұмыс iстеу үшiн-Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң; б/ облыстың басқа су айдындарында жұмыс iстеу үшiн - облыстық экология және биоресурстар басқармасының.
Тармақ 3
3. Бәсекеге қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: - бiлiктi мамандары, аулау құралдарды, жүзу жабдықтары, балық қабылдау тiректерi, көлiгi, тоңазытқыштарының нақтылығы; - табиғат пайдаланушылар мен Оңтүстiк Қазақстан облысы жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi бiрiккен мемлекеттiк инспекциясы арасындағы келiсiм-шарттарының сақталуы; - биоресурстарды өндiрiп алғаны үшiн төлемдердi дер кезiнде төлеу.
Тармақ 4
4. Табиғатты пайдалану жобасының мазмұны: - аумақтық экономикалық дамуын және су айдынына iргелес аумақтағы халықтың, оның азық-түлiк және жұмыспен қамтамасыз етiлуiн қоса алғанда мүдделерiнiң басымдылығын есепке алып, құрастырылған бизнес-жоспар; - табиғатты қорғау iс-шаралары, оның iшiнде су айдындарының экологиялық жағдайын және гидробионттардың өмiр сүру жағдайы мен балық шаруашылығы - мелиоративтiк жұмыстары.
Тармақ 5
5. Табиғатты пайдалану жобалары мен су айдындарында жұмыс жүргiзу жоспарларын бағалау кезiнде басқа жағдайлары тең келген кезде басымдылық балық және басқа су жануарларын аулауға мамандандырылған кәсiпорындарға берiледi.
Тармақ 6
6. Алдын ала нөмiрленген кәсiптiк балық және басқа су жануарларын аулау учаскелердi комиссия бәсекеге қатысушылардың өндiрiстiк мүмкiндiктерiне және су айдынына түсетiн кәсiптiк балық аулау үлесiнiң салмағына қарай олардың арасында бөлiп бередi: - Шардара және Бөген су қоймалары үшiн - ғылыми-ресурстық жұмыстардың негiзiнде; - облыстық басқа су айдындары үшiн - облыстық экология және биоресурстар басқармасының сараптық тұжырымының негiзiнде.
Тармақ 7
7. Облыс Әкiмi бәсекенiң қорытындылары бойынша табиғат пайдаланушыларға кәсiптiк балық аулау құқығын беру, су айдындарындағы кәсiптiк балық аулау учаскелерiн және балық пен басқа су жануарларын бекiтiлген лимиттер мен квоталар шегiнде аулау мөлшерiн бекiту туралы шешiм қабылдайды. Кәсiптiк балық аулау учаскелерiнiң нөмiрлерi мен балық және басқа су жануарларын аулаудың рұқсат етiлген мөлшерлерi облыс Әкiмi шешiмiнiң негiзiнде табиғат пайдаланушылар мен Оңтүстiк Қазақстан облысы жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi бiрiккен мемлекеттiк инспекциясы арасында жасалған келiсiм-шарттарда көрсетiледi.
Тармақ 8
8. Бәсекенi облыс Әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын бәсекелiк комиссия өткiзедi.
Тармақ 9
9. Бәсекелiк комиссия өз жұмысына Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң тиiстi директивтiк құжаттарын және осы ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 10
10. Бәсекелiк комиссия әрқайсысы бiр дауысқа ие мүшелерiнiң тақ санынан құралады. Бәсекелiк комиссияның құрамына облыс әкiмшiлiгiнiң конституциялық бөлiмдерiнiң өкiлдерi кiредi - ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, экономика және т.б. басқармаларының, сондай-ақ облыстық экология және биоресурстар басқармасының /келiсiмi бойынша/, облыстық су ресурстары жөнiндегi комитеттiң /келiсiмi бойынша/ мамандары кiредi.
Тармақ 11
11. Бәсекелiк комиссияның шешiмi комиссия мүшелерi жалпы санының 2/3 кем емес қатысып отырған кезде дауыс беру арқылы дауыстардың көпшiлiгiмен қабылданады және мәжiлiс хаттамасынан үзiндi түрiнде рәсiмделедi.
Тармақ 12
12. Бәсеке /тендер/ жылына бiр рет қалыптасқан ереже бойынша күнтiзбелiк жылдың басында өткiзiледi. Айрықша жағдайларда бәсеке Оңтүстiк Қазақстан облысы жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi бiрiккен мемлекеттiк инспекциясының ұсынысы бойынша өткiзiлуi мүмкiн, бiрақ жылына екi реттен көп емес мәрте.
Тармақ 13
13. Бәсекенi өткiзу орны мен мерзiмiн бәсекелiк комиссияның төрағасы белгiлейдi.
Тармақ 14
14. Бәсекелiк комиссия бәсеке туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оны өткiзу күнiне дейiн 30 күннен кешiктірмей хабарлайды.
Тармақ 15
15. Хабарламада бәсекенiң шарттары, нақты басталу, аяқталу күндерi мен бәсекеге қатысу үшiн құжаттарды қабылдау орыны көрсетiледi. Бәсекеге қатысу үшiн құжаттарды бәсекелiк комиссияның хатшысы қабылдайды және ол туралы өтiнiштердi тiркеу кiтабына жазып қояды.
Тармақ 16
16. Бәсекелiк iрiктеудiң қорытындылары бәсекелiк комиссияның мәжiлiсi өткеннен кейiн 10 күннен кешiктiрмей жарияланады.
Тармақ 17
17. Бәсекенi өткiзу шығындары табиғатты қорғау қоры қаражаттарының есебiнен өтеледi.
Басқа 21. Кәсiптiк балық және басқа су жануарларын аулау құқығын беру, олардың аулау мөлшерiн, сондай-ақ облыс су айдындарындағы кәсiптiк балық аулау учаскелерiн бекiту жөнiндегi бәсекелiк /тендерлiк/ комиссияның ҚҰРАМЫ
Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмнiң 1997 жылғы 12 мамырдағы № 114 шешiмiне № 2 қосымша Кәсiптiк балық және басқа су жануарларын аулау құқығын беру, олардың аулау мөлшерiн, сондай-ақ облыс су айдындарындағы кәсiптiк балық аулау учаскелерiн бекiту жөнiндегi бәсекелiк /тендерлiк/ комиссияның ҚҰРАМЫ Ж.А. Қожабаев - облыс әкiмшiлiгi ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасы Т. Кетебаев - Оңтүстiк Қазақстан облысы жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi бiрiккен мемлекеттiк инспекциясының бастығы, комиссияның хатшысы Комиссия мүшелерi: О. Амантаев - облыстық қаржы басқармасы агроөнеркәсiптiк кешендi қаржыландыру бөлiмiнiң бастығы П. Арыстанов - облыстық экология және биоресурстар басқармасының бастығы С. Кенбаев - облыстың су ресурстары жөнiндегi комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары А. Момынов - Оңтүстiк Қазақстан облысы жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi облыстық мемлекеттiк инспекциясы бастығының орынбасары Б. Тастанов - облыс әкiмшiлiгi экономика басқармасы агроөнеркәсiптiк кешен экономикасы бөлiмiнiң бастығы