Об образовании новых аулов в Мактааральском и Сарыагашском районах Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақтаарал және Сарыағаш аудандарында жаңа ауылдар құру туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мақтаарал ауданы Абай ауылдық округі аумағынан жаңадан ауыл құрылсын және оған Атажұрт атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Сарыағаш ауданы Ильич ауылдық округі аумағынан жаңадан ауыл құрылсын және оған Дастан атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.