О подготовке школ к новому учебному году и работе в зимних условиях Күшін жойған
Басқа 0
Мектептерді жаңа оқу жылына және қыс жағдайында жұмыс істеуге дайындау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
"2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы «Казақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 қаңтардағы Жарлығына сәйкес, мектептерді жаңа оқу жылына және қыс жағдайында жұмыс істеуге дайындау мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдері, облыстың білім департаменті (Г.Г. Шек): жаңа оку жылы басталғанға дейін білім беру обьектілерінің күрделі және ағымдық жөндеуден өтуін аяқтасын;
- жылу жүйесін уақытында жөндеуден өткізсін, 1999 жылға арналған жоспарда қаралған, оның ішінде жаңа жылу жүйесіне көшу жөніндегі шараларды жүзеге асырсын;
- отынның нормативтік қорын қамтамасыз етсін, көмірді, мазутты, басқа жағатын материалдарды тасуды тоқтатуға жол бермесін;
- мектептерді тиісті педагог кадрлармен толықтырсын;
- мұғалімдердің дәстүрлі тамыз конференциясын өткізсін, олардың жұмысына қатыссын;
- аз қамтамасыз етілген жанұялардағы оқушыларды окулықтармен, оқу-жазу құралдарымен, киіммен және аяқ киіммен жабдықтау мәселесін, осы тұрғыда жалпы оқыту қорының, басқа көздердің қаржысын пайдалана отырып, уақытында шешсін;
- ауылдық жерде оқушыларды мектепке және үйлеріне күнделікті және апта сайын тасымалдауды қамтамасыз етсін;
- аз қамтамасыз етілген жанұялардағы балаларға ерекше көңіл бөле отырып, мектеп оқушыларының қоғамдық тамақтануын ұйымдастырсын;
- мектеп жасындағы балалардың қатаң есебін жүргізсін, оларды оқытумен қамтысын;
- істелген жұмыс туралы 1999 жылғы 10 қыркүйекте және 20 қазанда облыс әкімінің аппаратына ақпарат түсірсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.