О розничной торговле алкогольной продукцией Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алкогольдік өнімдердің бөлшек саудасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 16.01.2004 № 2 шешімімен. "Этил спирті мен алкогольдік өнімдерді шығаруды және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын және "Этил спирті мен алкогольдік өнімдерді шығаруды, сақтауды және этил спиртін сатуды сақтауды және алкогольдік өнімдердің (сырадан басқа) көтерме саудасын, сондай-ақ алкогольдік өнімдердің (сырадан басқа) бөлшек саудасын лицензиялаудың ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы 1258 Қаулысын орындауда ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдеріне заңды және жеке тұлғаларға алкогольдік өнімдердің (сырадан басқа) бөлшек саудасына лицензия беруде өкілеттік құқық берілсін.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдері: - өтініш біддірушілердің алкогольдік өнімдерімен бөлшек сауда жасауларына лицензия алуларына олардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу жөнінен жұмысшы комиссияларын құрсын; - лицензия берудің тәртібі мен шарттарын, лицензиаттың кұқықтары және міндеттерін анықтасын, лицензияны есепке алуды және нормативтік актілерге сәйкес лицензияланатын қызметке бақылау жасауды жолға қойсын.
Тармақ 3
3. Экономика, индустрия және сауда департаменті (Д.Т. Әбенов) лицензия беру, лицензияланатын қызмет-алкогольдік өнімдермен болшек сауда жасауды есепке алу және орнату жөніндегі жұмысты ұйлестірсін.
Тармақ 4
4. "Қостанай" МКК (Р.Т. Келтенов): - калалар мен аудаңдардан түскен қаржыларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен лицензиялар және арыздар үлгілерінің бланктерін алу үшін облыстың Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің, "Стандарттардың мемлекеттік ақпараттық орталығы" РМК Алматы филиалына одан әрі орталықтандыра төлеуі үшін шоғырландырсын; - жоғарыда көрсетілген корреспонденцияларды қысқа мерзімде жеткізуді үйымдастырсын және аударған ақшалай қаржыларына сәйкес кұнды қағаздарды қалалар мен аудандардың әкімдеріне белгіленген тәртіппен берсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ә. Дәрменбаевқа жүктелсін.