О реализации Закона Республики Казахстан «О специальном государственном пособии в Республике Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации Закона Республики Казахстан «О специальном государственном пособии в Республике Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасыңдағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Казақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 123
- Қабылданған күні
- 05.05.1999
- Көрсетілген редакция
- 05.05.1999 4118_257816.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99N000115_
- ЭКБ идентификаторы
- 4118
- Редакция идентификаторы
- 4118_257816
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:11
0 "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Казақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы 318-1, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы 328-1, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізу туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі 364-1 заңдарын және "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі 396 Қаулысын орындауда және зейнетақыларды мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды жоспарлы түрде әрі үздіксіз төлеуді қамтамасыз ету мақсатында ШЕШТІМ:
1. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (О.А. Киколенко) арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындауды уақытылы жүргізсін одан әрі істерді зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік филиалының бөлімдеріне (ЗТМО) берсін.
2. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықгың Іоблыстық филиалы (М.С. Мырзабекова) арнаулы мемлекеттік іхәрдемақылар жөніндегі істерді қабылдауды үйымдастырсын Іжәне толық көлемде, белгіленген тәртіппен, уақытылы төлеуді Іхамтамасыз етсін.
3. Облыстық ішкі істер басқармасы (С.Ж. Жорабеков), облыстық әскери комиссариат (И.Е. Лосьев), Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті (А. Қ. Құрманғалиев) арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге арналған тиісті құжаттарды ЗТМО облыстық филиалына белгіленген мерзімде тапсырсын.
4. Қалалар және аудандар әкімдері жұмысты жедел және сапалы жүргізу үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне (қағазбен, көлікпен, бензинмен қамтамасыз ету жөнінен) нақтылы көмек көрсетсін, аудандар мен қалалардағы ЗТМО бөлімдеріне олардың материалдық базаларын нығайту, оның ішінде босаған мүліктер мен техникалық жабдықтарды олардың балансына беру жөнінде көмек корсетсін.
5. Коммуналдық қызмет және байланыс қызметімен жабдықтаушы үйымдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларға құқы бар кісілерді коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтеріне үстіміздегі жылдың сәуір-мамыр айларына (қалааралық сөйлесуден басқа) уақытылы төлемеген жағдайда 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін айыппұл және өсімдер төлеуден босату жөніндегі мәселені қарау ұсынылсын және оларға осы қызмет түрлерін беруді тоқтату мен ағытып тастауға жол бермесін.