Об определении места для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в депутаты районного маслихата вместо выбывшего Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кеткен аудандық мәслихат депутатының орнына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабы 6 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Успен аудандық аймақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кеткен аудандық мәслихат депутатының орнына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары Успен ауылы Милевский көшесі 120 орналасқан «№ 2 Успен жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі және Баюк көшесі 33 орналасқан «Қазпочта» акционерлік қоғамы Павлодар облыстық филиалының Успен аудандық почта байланысы торабы ғимаратының жанындағы алаң болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Успен ауылдық округі әкімі кеткен аудандық мәслихат депутатының орнына кандидаттардың барлығына бірдей құқықпен үгіт-насихат баспа материалдарын белгіленген орынға ілуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Успен аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді. Келісілді: Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М. Евтеев