Об увековечении памяти Народного писателя Казахстана, академика З. Кабдолова Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстанның Халық жазушысы, академик З.Қабдоловты есте қалдыру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 13-бабы 4 тармағына сәйкес және қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде бірлесе отырып Алматы қаласы әкімдігі ШЕШІМ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Маречек көшесі (Өтеген батыр көшесінен Сайын көшесіне дейін, Әуезов ауданы, 1350 метр) Зейнолла Қабдолов көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражатты қарастырсын.
Тармақ 3
3. Әуезов ауданының әкімі Ә. Несіпбаевқа, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ЖАҚ (келісім бойынша), көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
Тармақ 4
4. Әуезов ауданының әкімі Ә. Несіпбаев осы нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
Тармақ 5
5. Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/1240 қаулысы мен ІV сайланған Алматы қаласы маслихатының VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 50 шешімдерімен бекітілген ІV сайланған Алматы қаласы маслихатының VІ сессиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің "Қазақстанның Халық жазушысы, академик З.Қабдоловты есте қалдыру туралы" бірлескен шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы нормативті құқықтық актінінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.