Об увековечении памяти видного композитора, Народного артиста Казахстана А. Бейсеуова Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көрнекті композитор, Қазақстанның Халық әртісі Ә.Бейсеуовты есте қалдыру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 13-бабы 4 тармағына сәйкес және қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде, бірлесе отырып Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Райымбек көшесі (Медеу ауданы, 1700 метр, Бутаковка ықшам-ауданында орналасқан) Әсет Бейсеуов көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражатты қарастырсын.
Тармақ 3
3. Медеу ауданының әкімі М.Бейдәліге, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ЖАҚ (келісім бойынша), көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
Тармақ 4
4. Медеу ауданының әкімі М.Бейдәлі осы нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
Тармақ 5
5. Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 10/1242 қаулысы мен ІV сайланған Алматы қаласы маслихатының VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 48 шешімдерімен бекітілген ІV сайланған Алматы қаласы маслихатының VІ сессиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің "Көрнекті композитор, Қазақстанның Халық әртісі Ә.Бейсеуовты есте қалдыру туралы" бірлескен шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы нормативті құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.