О присвоении наименований улицам в микрорайоне "Курылысшы" города Алматы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында "Құрылысшы" ықшамауданының көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде, бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Құрылысшы" ықшамауданының көшелеріне мынадай атаулар берілсін: 1. Аршалы бірінші көшеге,  ұзындығы 1400 м. 2. Ботақара екінші көшеге,  ұзындығы 700 м. 3. Құлан үшінші көшеге,  ұзындығы 700 м. 4. Телқоңыр төртінші көшеге,  ұындығы 1400 м. 5. Жаңарқа бесінші көшеге,  ұзындығы 800 м. 6. Көкорай алтыншы көшеге, ұзындығы 600  м. 7. Жусанды жетінші  көшеге, ұзындығы 600 м. 8. Темірқазық сегізінші көшеге,  ұзындығы 1000 м. 9. Көкшоқы тоғызыншы көшеге, ұзындығы 250 м. 10. Жайлы оныншы көшеге, ұзындығы 800 м. 11. Күреңбел он бірінші көшеге, ұзындығы 700 м. 12. Тұмар он екінші көшеге, ұзындығы 1000 м. 13. Ақсұңқар он үшінші  көше, ұзындығы 1000 м. 14. Ырысты он төртінші көшеге,  ұзындығы 1200 м.
Тармақ 2
2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражат қарастырсын.
Тармақ 3
3. Әуезов ауданының әкімі Ә.Несіпбаевқа, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ААҚ (келісім бойынша) көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
Тармақ 4
4. Әуезов ауданының әкімі Ә.Несіпбаевқа нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы нормативті құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.