О переименовании некоторых микрорайонов города Алматы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласындағы кейбір ықшамаудандардың атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде, бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласындағы келесі ықшамаудандардың атаулары мынадай болып өзгертілсін: Айша бибі көшесі мен Айтықов көшесінің оңтүстік аумағында орналасқан "ҚазПАС" ықшамауданының атауы "Шуақты" атауына; Первомай көшесінің солтүстігі мен Геологтар көшесінің батысында орналасқан "Камаз" ықшамауданының атауы "Көкжиек" атауына;
Тармақ 2
2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ықшамаудандардың есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражат қарастырсын.
Тармақ 3
3. Түрксіб ауданының әкімі В.Устюговке, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ААҚ (келісім бойынша) ықшамаудандардың жаңа есім көрсеткіштерін жасап орнатсын.
Тармақ 4
4. Түрксіб ауданының әкімі В.Устюговке нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы нормативті құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.