Жергілікті маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде орналастырылатын және елді мекендерде жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкаларын белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде орналастырылатын және елді мекендерде жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкаларын белгілеу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің /Салық Кодексі/ 491-бабының 2-тармағына, «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде орналастырылатын және елді-мекендерде жарнама объектілері бойынша төлемақының ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін алынатын толемақының ставкаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 21 наурыздағы № 2/22-165 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 860 тіркелген, «Отырар алқабы» газетінің 2003 жылғы 19 сәуірдегі санында жарияланған ) шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізілсін.
Басқа 4
Отырар аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі № 11/69-IV шешімімен бекітілген Сырткы көрнекі жарнамаларды орналастырғаны үшін төленуге жататын төлемақы ставкалары Ай сайын (бір бетін) сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төленетін төлемақы ставкалары Жарнама түрі Төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткішке процент есебімен) Ай сайын Категория “А” Категория “В” Категория “С” 1 Көрсеткіштер, ілу тақталары, ақпарат такталары, алаңы 2м дейін (объектідегі) плакаттар 100 80 70 2 Жарық түсіретін таблолар, лайтбокс (ситиформатты) 105 85 75 3 Ақпараттық жарнама объектілер алаңы 2ш.м-ден 5ш.м -ге дейін, қабырғадағы, шатыр үстіндегі. 110 90 80 4 Ақпараттық жарнама объектілер алаңы 5 ш.м-ден 10 ш.м -ге дейін, қабырғадағы, шатыр үстіндегі. 115 95 85 5 Ақпараттық жарнама объектілер алаңы 10 ш.м-ден 20ш.м -ге дейін, қабырғадағы, шатыр үстіндегі. 120 100 90 6 Ақпараттық жарнама объектілер алаңы 20ш.м-ден ЗОш.м -ге дейін, қабырғадағы, шатыр үстіндегі. 125 105 95 7 Ақпараттық жарнама объектілер алаңы ЗО ш.м-ден жоғары, қабырғадағы, шатыр үстіндегі. 130 110 100 8 Киоскілер, павилиондар, дүкендер,қоғамдық тамақтандыру нүктелері үстіне (жанында, алдында)орналастырылған уақытша түрдегі жарнама объектілері. 100 80 70 Ескертпе: «А» категориясына жататындар: Шәуілдір ауылы және жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары; «В» категориясына жататындар: Талапты, Темір, Отырар, Қарғалы, Қоғам ауыл округтеріне қарасты елді мекендер; «С» категориясына жататындар: Қожатоғай, Қарақоңыр, Ақтөбе, Шілік, Балтакөл, Маяқұм, Көксарай, Аққұм ауыл округтеріне қарасты елді мекендер.