О присвоении наименований улицам в микрорайоне "Калкаман" города Алматы Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласында "Қалқаман" ықшамауданының көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы"
заңының
13 бабы 4 тармағына сәйкес қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Қалқаман" ықшамауданының көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
1.
Әнуарбек Молдабеков
бірінші көшеге, ұзындығы 800 м.
2.
Төлеген Айбергенов
екінші көшеге, ұзындығы 950 м.
3.
Ыбырай Жақаев
үшінші көшеге, ұзындығы 780 м.
4.
Нартай Бекежанов
төртінші көшеге, ұзындығы 1200 м.
5.
Саурық батыр
бесінші көшеге, ұзындығы 1200 м.
6.
Сыпатай батыр
алтыншы көшеге, ұзындығы 1200 м.
Тармақ 2
2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражат қарастырсын.
Тармақ 3
3. Әуезов ауданының әкімі Ә.Несіпбаевқа, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ААҚ (келісім бойынша) көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
Тармақ 4
4. Әуезов ауданының әкімі Ә.Несіпбаевқа осы нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы нормативті құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.