О присвоении наименований улицам в микрорайоне "Алты Алаш" города Алматы Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласында "Алты Алаш" ықшамауданының көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы"
заңының
13-бабы 4 тармағына сәйкес және қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде, бірлесе отырып Алматы қаласы әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
және ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Алты Алаш" ықшамауданының көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
1.
Әлжаппар Әбішев
бірінші көше, 1300 метр
2.
Мәриям Хакімжанова
екінші көше, 1300 метр
3.
Қошке Кемеңгерұлы
үшінші көше, 1300 метр
4.
Жақан Аханов
төртінші көше, 1300 метр
5.
Алдан Айымбетов
бесінші көше, 1300 метр
6.
Бәкір Тәжібаев
алтыншы көше, 1300 метр
7.
Жаңатай Шәрденов
жетінші көше, 1300 метр
8.
Мансұр Сағатов
сегізінші көше, 1300 метр
9.
Мейіржан Машан
тоғызыншы көше, 1300 метр
10.
Ер Жәнібек Бердәулетұлы
оныншы көше, 1300 метр
Тармақ 2
2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражатты қарастырсын.
Тармақ 3
3. Әуезов ауданының әкімі Ә.Несіпбаевқа, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ЖАҚ (келісім бойынша), көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
Тармақ 4
4. Әуезов ауданының әкімі Ә.Несіпбаев осы нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
Тармақ 5
5. "Алматы қаласында "Алты Алаш" ықшамауданының көшелеріне атау беру туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 2/138 қаулысы мен ІV сайланған Алматы қаласы маслихатының VІІI сессиясының 2008 жылғы 6 наурыздағы N 83 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы нормативті құқықтық актінінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.