О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1)»"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
"Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
2008 - 2010 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
"Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 84-жолда:
"8831433", "291572" деген сандар тиісінше "10831433", "2291572" деген сандармен ауыстырылсын;
"Бағдарлама бойынша жиыны" деген жолда:
"3524122" деген сандар "5524122" деген сандармен ауыстырылсын;
"Бағдарламадан тыс" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 332-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының клиникалық-сауықтыру кешені";
7-бағанда "4406323" деген сандар "2230282" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 333-жолда:
5-бағанда "186210" деген сандар "229240" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағанда "17301" деген сандар "60331" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 338-1, 338-2-жолдармен толықтырылсын:
"338-1
Астана қаласында 240 орындық балабақшаға арналған қазандықты жобалау және салу
ПІБ
2008
82120
82120
338-2
Астана қаласының Тельман кентінде тапсырыс берушінің аумағындағы су құбыры желісі
ПІБ
2008
50891
50891
";
"Бағдарламалардан тыс жиыны" деген жолда:
"161190654" деген сандар "159057643" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысында :
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
13 "Басқалары" функциональдық тобында:
694 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген әкімші бойынша:
008 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерін салу және қайта жаңарту" деген бағдарлама бойынша:
"Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында N 31 және N 35 көшелер ауданында көп бейінді емханасы бар диагностикалық орталық" деген жолда:
"Астана қаласында N 31 және N 35 көшелер ауданында Есіл өзенінің сол жағалауында көп бейінді емханасы бар диагностикалық орталық" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының клиникалық-сауықтыру кешені";
"4406323" деген сандар "2230282" деген сандармен ауыстырылсын;
"30000 көрерменге арналған жабық стадион салу" деген жолда:
"291572" деген сандар "2291572" деген сандармен ауыстырылсын;
"Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай ауылы Кенесары көшесіндегі табиғат мұражайы аумағында келу-орталығын салу" деген жолда:
"17301" деген сандар "60331" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Астана қаласында 240 орындық балабақшаға арналған
қазандықты жобалау және салу 82120
Астана қаласының Тельман кентінде тапсырыс берушінің
аумағындағы су құбыры желісі 50891";
Тармақша 3
3) "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысында :
көрсетілген қаулыға 418-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
5) тармақшадағы "Астана қаласында N 31 және N 35 көшелері ауданында Есіл өзенінің сол жағалауында көп салалы клиникасымен диагностикалық орталық" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының клиникалық-сауықтыру кешені" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) Астана қаласының Тельман кентінде тапсырыс берушінің аумағындағы су құбыры желісі;
17) Астана қаласында 240 орындық балабақшаға арналған қазандықты жобалау және салу";
"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтың "Тікелей нәтижесінде":
"Астана қаласында N 31 және N 35 көшелер ауданында Есіл өзенінің сол жағалауында көп салалы клиникасымен диагностикалық орталықты" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының клиникалық-сауықтыру кешенін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"316 пәтерлі тұрғын үйді" деген сөздерден кейін ", Астана қаласының Тельман кентінде тапсырыс берушінің аумағындағы су құбыры желісін" деген сөздермен толықтырылсын;
"Щучинск-Бурабай" курорттық аймағындағы (Щучье, Бурабай, Қарасу көлдері) су айдындарын тазарту" жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу" деген сөздерден кейін ", Астана қаласында 240 орындық балабақшаға арналған қазандықты жобалау және салу" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.