Об утверждении Правил расходования средств на компенсацию затрат по поставкам топлива для энергопроизводящей организации в целях обеспечения стабильного электроснабжения потребителей южных регионов Казахстана Қолданыста
Басқа 0
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіретін ұйым үшін отын жеткізу бойынша шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы
"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының 16-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіретін ұйым үшін отын жеткізу бойынша шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіретін ұйым үшін отын жеткізу бойынша шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 26 тамыздағы
N 769 қаулысымен
бекітілген
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіретін ұйым үшін отын жеткізу бойынша шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесі
Тармақ 1
1. Осы Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіретін ұйым үшін отын жеткізу бойынша шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіретін ұйым үшін отын жеткізу бойынша шығындарды өтеуге (бұдан әрі - отын жеткізу бойынша шығындарды өтеу) арналған қаражатты жұмсау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Отын жеткізу бойынша шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 026 "Қазақстанның оңтүстік өңірі тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. "Т.И.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Жамбыл МАЭС" АҚ) отын жеткізу бойынша шығындарын өтеу Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушылары үшін электр энергиясына тұрақты тарифті сақтауға қажетті отынды тасымалдауға және оның құнына жұмсалатын шығыстарды ескере отырып, отын жеткізу шығындарын өтеу бойынша шығыстарға және отын сатып алу бағасының арасындағы айырманы жабуға жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі:
Тармақша 1
1) "Жамбыл МАЭС" АҚ беретін электр энергиясының құнын төмендету үшін шеккен іс жүзіндегі шығындардың есебін бекітеді;
Тармақша 2
2) Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша "Жамбыл МАЭС" АҚ ұсынған төлем құжаттары негізінде осы Ереженің 3-тармағына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл МАЭС" АҚ-ға қаражат аударуды іске асырады;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде отынды жеткізу бойынша шығындарды өтеуге арналған қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуы үшін жауапты болады.