Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлері туралы Қолданыста
Басқа 0
Азаматтардың әлеуметтік
қорғалатын санаттарына
әлеуметтік көмектердің
жекелеген түрлері туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соларға теңестірілген адамдарға берілетін көмектер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»Қазақстан Республикасының заңдарына және Маңғыстау облыс әкімінің № 02.08 жылғы қаулысына сәйкес, халықтың әлеуметтік қорғалатын санаттарының өмір сүру деңгейі мен саласын арттыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлерінің (бұдан әрі-Көмек) тізілімі, төлемдердің тиімділігі бекітілсін.(1 қосымша)
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі- уәкілетті орган) болып табылсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджетте қаралған қаражат көздерінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті төлеу Агенттік келісім бойынша алушылардың өтініші негізінде екінші деңгейдегі Банктер мен «Казпошта» акционерлік қоғамының филиалдары арқылы жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аудандық бөліміне (Г.Құбығұлова) №1 қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмек алушылардың тізімін жасақтап беруді, тиісті төлемдерін қаржыландыруға қаралған өтінімдерін жасау үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне уақытылы табыс етуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін берілетін әлеуметтік көмек мүгедек балаларды жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі мекемелерде және оқу органдарында тәрбиеленуді және оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда ата- анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға (қамқоршыға) өтініш берген айдан бастап, психологиялық- медициналық- педагогикалық-консультацияның (бұдан әрі- ПМПК) анықтамасында көрсетілген оқу жылына айқындалады.
Тағайындауға қажетті құжаттар болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің мүгедектігін белгілеу туралы анықтамасы;
Тармақша 2
2) ПМПК- ның анықтамасы;
Тармақша 3
3) Баланың туу туралы куәлігі;
Тармақша 4
4) Тұрғындар есебі кітабы;
Тармақша 5
5) Арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 6
6) Салық төлеушінің тіркеу нөмері;
Тармақша 7
7) Банктегі салымы жөніндегі дербес есеп шотының нөмерін уәкілетті органға тапсырады.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларымен және көшірмелерімен беріледі, кейінен құжаттарының тұпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
Тармақ 7
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Е.Бегниязов) №1 қосымша сәйкес әлеуметтік көмекті уақытылы тағайындау және төлеуді ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Аудандық экономика және жоспарлау бөлімі (Ә.Әбдіхалықова), аудандық қаржы бөлімі (Ғ.Аманова) аудандық бюджетте көрсетілген мақсаттарға қаралған қаражатты уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.