Об определении усредненного тарифа за проезд по маршрутам на регулярных городских автомобильных перевозках пассажиров и багажа в городе Аксу Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдаулардың тұрақты қатынайтыі бағыттары бойынша жол жүру бағасына орташаландырылған тарифті белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-1 бұйрығымен бекітілген, Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 26 сэуірдегі № 101 бұйрығымен бекітілген, Тұрақты қатынайтын қалааралық облыс ішіндегі, қалалық, қала маңындағы және елді мекендерді қосатын: аудандық немесе облыс орталығымен кенттер, ауылдар (селолар), республикалық маңыздағы қалалармен (астанамен) - жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдау тарифіне есеп әдістемесін басшылыққа ала отырып, Ақсу қаласында жолаушьшар мен жүктерді тұрақты қатынайтын тасымалдауларды ұйымдастыру мақсатында, Ақсу қаласында тұрақты қалалық және елді мекендерді қосатын маршруттар бойынша жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдаудың ұсынылатын құнын анықтау жөніндегі комиссияның 2008 жылғы 24 шілдедегі ұсыныстарын қарай келе, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қатынайтын қалалық жэне ауылдық елді мекендерді қосатын бағыттар бойынша жол жүру бағасына ұсынылып отырған өлшемді орташаландырылған тариф бір рет жүру қүлы бір адамға: №№ 2, 3, 4, 4у, 5, 6, 7, 10, 11, Беловка, "ЕЭК" АҚ Өтпе жол" қаланың селитебтен тыс аймағында жиі қатынайтын қалалық бағыттарда 65 теңге мөлшерінде; № 1 жиі қатынайтын қалалық багытта жэне №№ 2, 3, 4, 4у, 5, 6, 7, 10, 11, Беловка, "ЕЭК" АҚ Өтпе жол" жиі қатынайтын қалалық бағыттарда қаланың селитебті аймағында 30 теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ақсу қаласының мына: 2006жылғы 6 қарашадағы "Ақсу қаласында жолаушылар мен жүкті автомобильмен тасымалдаулардың жиі қатынайтын және елді мекендерді қосатын бағыттар бойынша жол жүру үшін орташаландырылған тарифті белгілеу туралы" № 649/7 (2006 жылғы 9 қарашада Ақсу қаласының әділет басқармасында № 12-2-44 тіркелген, "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде 2006 жылғы 16 қарашада № 47 басылған); 2007жылғы 5 қарашадағы "Ақсу қаласында жолаушылар мен жүкті жиі қатынайтын қалалық автомобиль тасмалдауларында №№ 6, 7, Автобекет-Беловка кенті бағыттары бойынша жол жүру үшін орташаланған тарифті белгілеу туралы" № 994/8 (2007 жылғы 11 қарашада Ақсу қаласының әділет басқармасында № 12-2-73 тіркелген, "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде 2007 жылғы 15 қарашада № 47 басылған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. "Ақсу қаласының түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жэне автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) жиырма күн ішінде Ақсу қаласында жолаушылар мен жүктерді қалалық автомобиль тасымалдаулары ұйымдарының тасымалдаушылармен келісімшарттарына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тұрақты қатынайтын бағыттарда жолаушылардың жол жүру құнының өзгергендігі туралы, олар күшіне енгенге дейін он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат қүралдары арқылы халықты хабардар етсін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне ақпарат ұсынсын.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол ресми жарияланған сәттен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Стрельбаға жүктелсін.