Об определении объекта коммунальной собственности подлежащий приватизации Қолданыста
Басқа 0
Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектісін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына сәйкес және «Қостанай облысы бойынша 2008 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі объектілер тізбесін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 138 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі № 3595, «Қостанай таңы» 2008 жылғы 12 наурыздағы № 31, «Костанайские новости» 2008 жылғы 12 наурыздағы № 37) негізінде, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектісінің Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл селосының Украинская көшесі, 34 мекен жайы бойынша орналасқан жалпы көлемі 445,5 шаршы метр 237-жол пайдалану учаскесі кеңсесінің екі қабатты ғимараты анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.