Вопросы страхования военнослужащих, сотрудников органов внутренних дел Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскери қызметшілер, ішкі істер органдары қызметкерлерін сақтандыру мәселелері 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 қаулысымен. Әскери қызметшілердің, әскери жиынға шақырылған азаматтардың, ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының жеке өзін мемлекеттік сақтандыруын жүргізуге бөлінген республикалық бюджет қаражаттарын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Республикалық Ұлан (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен әскери қызметшілердің, әскери жиындарға шақырылған азаматтардың, ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының жеке өзін мемлекеттік сақтандырылуын жүргізуге "Сенім" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамымен шарттарды бұзуға шаралар қолдансын;
Тармақша 2
2) "Сенім" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамынан сақтандыру жарналарының толығымен түспеуіне байланысты жарналық өтемақысы төленбей компанияға келіп түскен істер жөніндегі құжаттарды қабылдап алсын;
Тармақша 3
3) пайда табушыларға "Сенім" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамынан қабылдап алынған істер бойынша ақшалай қаражат төлемдерін республикалық және жергілікті бюджеттерден осы мақсаттарға бөлінетін қаржылар есебінен жүргізсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Әскери қызметшілердің, әскери жиынға шақырылған азаматтардың, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының жеке өзін мемлекеттік сақтандыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 15 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1, 6-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 ақпандағы N 257 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 10, 73-құжат;).
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.