О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.01.2009 N 45 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен ;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008-2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде: 2008-2010 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде: "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 82-жолда: 5-бағанда "62000000" деген сандар "57000000" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағанда "21700000" деген сандар "18277000" деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағанда "16740000" деген сандар "15163000" деген сандармен ауыстырылсын; Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестицияларда: "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанында "жарғылық" деген сөзден кейін "және резервтік" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысында : көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: "Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо" деген V бөлімде: 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында: 01 "Тұрғын үй шаруашылығы" ішкі функциясында: 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша: 053 "Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын институционалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша: 100 "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" деген кіші бағдарламаның 2-бағанында "жарғылық" деген сөзден кейін "және резервтік" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.