Алмалы ауылдық округіндегі "Тал-тал" қыстағындағы қой-ешкі малынан туындаған сарып ауруына қарсы шектеу шараларын қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алмалы ауылдық округіндегі "Тал-тал" қыстағындағы қой-ешкі малынан туындаған сарып ауруына қарсы шектеу шараларын қою туралы Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алмалы ауылдық округіндегі "Тал-тал" қыстағындағы қой-ешкі малдарынан сарып ауруының туындауына байланысты, сарып ауруына қарсы шектеу шаралары қойылсын.
Тармақ 2
2. Сарып ауруынан айықтыру мақсатында ветеринариялық-санитарлық және медициналық шараларды жүзеге асыру ісі "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сарқан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Әлібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.