О проведении Международного Дня пожилых людей в Костанайской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысында Халықаралық Қарт адамдар күнін өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1999 жылды- Халықаралық қарт адамдар жылы деп жариялауына, 1 қазанда —Халықаралық Қарт адамдар күнін, 17- қазанда-Халықаралық Кедейлікпен күрес күнін өткізумен байланысты ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері ардагерлер ұйымдарымен бірлесе отырып: - зейнеткерлердің, мүгедектер мен аз қамтылған азаматтардың тұрғын үй жағдайын зерттеуді ұйымдастырсын; - Халықаралық Қарт адамдар күніне арналған шаралар әзірлесін және оны өткізу бағдарламасын жүргізсін; - 1 қазан күні ардагерлермен және қарт адамдармен кездесулер, оларды қабылдау өткізсін, еңбек ұжымдарында оларды қошеметтеуді ұйымдастырсын; - жалғызбасты, қарт және аз қамтылған азаматтарға айтулы кемек керсету мақсатында аймақтық қайырымдылық қорларының шоттарына қаржы түсіру жонінде қосымша шаралар қабылдасын; - соғыс және еңбек ардагерлерінің, мүгедектердің, жалғызбасты еңбекке жарамсыз зейнеткерлердің үстінен оларға қажетті қолдау корсету мен олардың проблемаларын шешуге ат салысу мақсатында үйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің қамқорлық корсету практикасын қайта жаңғыртсын; - аймақтың қоғамдық-саяси өміріне соғыс және еңбек ардагерлерін тарту практикасын жалғастырсын, "Ұрпақтар сабақтастығы: "шынайылық пен болашақ" тақырыбына "дөңгелек стол" мәжілісін откізсін; - Қостанай облысы әкімінің "Қостанай облысында Халықаралық қарттар жылын өткізу туралы" 1998 жылғы 24 желтоқсандағы 156 шешімін қалалар және аудандар әкімдері жанындағы алқа мәжілісінің қарауына енгізсін; - атқарылған жұмыс туралы 1999 жылдың 15 қазанына ішкі саясат және әлеуметтік сала боліміне ақпарат берсін.
Тармақ 2
2. Аймақтық баспа және электрондық ақпарат құралдарына Халықаралық Қарт адамдар күніне арналған шараларды өткізуді кең түрде корсету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Теркомсоюз" МКК мен өзін-өзі басқару аумақтық комитеттеріне бекітілген Қостанай қаласының зейнеткерлеріне материалдық көмек көрсету үшін облыс әкімінің резервтік қорынан 1 (бір) миллион теңге ақша қаражаты бөлінсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің жүзеге асуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.