Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории Денисовского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов ауданының аумағында үгіт баспасөз материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазакстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазакстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі және Денисов аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы науқаны кезеңінде үгіт баспасөз материалдарын орналастыру үшін орындардың тізбесі анықталсын (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов аудандык сайлау комиссиясының төрағасы А.А. Зимовецке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Денисов ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 тамыздағы № 212 «Денисов ауданының аумағында насихаттау баспасөз материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы науқаны кезеңінде насихаттау баспасөз материалдарын орналастыру орындардың тізбесі
Әкімдіктің 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 227 және аудандық сайлау комиссиясының 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 1 бірлескен қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы науқаны кезеңінде насихаттау баспасөз материалдарын орналастыру орындардың тізбесі № Елді-мекендер Насихаттау баспасөз материалдарын орналастыру үшін орын 1 Денисовка с. (Калинин-Нұрпеисов көшелерінің қиылысы) ақпараттық щит, (Калинин-Ленин, Амангелді-Элеваторная көшелерінің киылысы) ақпараттық тумбалар 2 Глебовка с. «Тобыл селолык округі әкімінң аппараты; мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында ақпараттық шит. Центральная көшесі 3 Антоновка с. «Тельман селолык округі әкімінін аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында ақпараттық щит. Целинная көшесі 4 Покровка с. «Покров селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында ақпараттық щит 5 Фрунзенское с. «Фрунзе орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында ақпараттық щит 6 Әйет с. Орталық аланында ақпараттық тумба және ақпараттық щит, Клубная көшесі 7 Заэйет с. «Заәйет орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында ақпараттық щит 8 Свердловка с. Набережная көшесінде ақпараттық щит 9 Аршалы с. Центральная көшесінде ақпараттық щит 10 Приреченка с. «Приречен орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында ақпараттық щит 11 Комаровка с. Центральная көшесінде ақпараттық щит 12 Қырым с. Ленин көшесінде ақпараттық щит 13 Перелески с. «Перелески орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында ақпараттық щит 14 Жалтыркөл с. «Баталы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратынын жанында ақпараттық щит Ескерту: с. - селосы