Об оказании адресной социальной помощи Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нақты әлеуметтік көмек көрсету туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 17.06.2002 № 3/390 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нақты әлеуметтік көмек көрсетудің Уақытша ережесін бекіту туралы" 1999 ж. 22 шілдедегі N 1036 қаулысын орындау мақсатында Алматы қаласының Әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Нақты әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық қаржы басқармасы нақты әлеуметтік көмекті төлеуге арналған ақшалай қаржыны бөлуді уақытында қамтамасыз етсін (Қ.Қ.Тәжібаев).
Тармақ 3
3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті нақты әлеуметтік көмекті уақытында тағайындау және төлеуді жүзеге асырсын (Н.І. Сүлейменов).
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Ә.Ж. Ыбыраевқа жүктелсін.
Басқа 5. ЕРЕЖЕ
Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 6 қыркүйектегі N 806 шешіміне қосымша Алматы қаласының азаматтарына нақты әлеуметтік көмек көрсету туралы ЕРЕЖЕ Осы ереже нақты әлеуметтік көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нақты әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 22 шілдедегі Қаулысына және қолданыстағы заңға сәйкес нақты әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Нақты әлеуметтік көмек жәрдемақы материалдық көмек түрінде беріледі.
Тармақ 2
2. Жәрдемақы және нақты көмек түрлері: - балалары бар отбасыларына жәрдемақы; - жасы 7-ге толмаған 4 және одан да көп балалары бар жұмыс істемейтін аналарға жәрдемақы; - үйінде мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеп, оқытқан отбасыларына материалдық көмек; - әскери міндетін атқарып жүрген қызметшілердің балаларына жәрдемақы; - адамның ауруынан жұққан және СПИД-ке ұшыраған балаларға жәрдемақы; - баланың дүниеге келуіне орай әлеуметтік көмек; - жұмыс істемейтіндерге материалдық көмек; - тұрғын үй көмегі; - жұмыс істейтін азаматтарды соңғы сапарға аттандырудағы әлеуметтік көмек; - жұмыс істемейтін азаматтарды соңғы сапарға аттандырудағы әлеуметтік көмек.
Тармақ 3
3. Нақты әлеуметтік көмек көрсету үшін өтініш тұрған жеріндегі аудандық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау орталығына беріледі.
Тармақ 4
4. Нақты әлеуметтік көмек аудандық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау орталығында құрылған жәрдемақы тағайындау жөніндегі комиссия белгілейді.
Тармақ 5
5. Нақты әлеуметтік көмек алатындар нақты әлеуметтік көмек алу құқығы үшін өзі туралы барлық өзгерістерді Комиссияға хабарлауға міндетті.
Тармақ 6
6. Нақты әлеуметтік көмек көрсету туралы қажетті барлық құжаттар өтінішімен Комиссия ол келіп түскеннен кейін он күннің ішінде қарайды.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмекті беруден бас тартқан жағдайда Комиссия бұл жайында өтініш иесіне жазбаша хабарлайды.
Тармақ 8
8. Барлық берілген құжаттармен әлеуметтік көмек беру өтініші, сондай-ақ Комиссияның шешім хаттамасы алушының жеке өзінде сақталады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті өтеу Агенттік Келісімі негізінде Алматы қалалық Халықтық Жинақ банкінің бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Нақты әлеуметтік көмек төлемі заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Барлық дау-мәселелер белгіленген қолданыстағы заң тәртібімен шешіледі.
Тармақ 12
12. Нақты көмек беру туралы берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік аудандық орталықтарға және Алматы қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне жүктеледі.
Тармақ 13
13. Алматы қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне аудан орталықтарының берген мәліметтерінің негізінде аудан ауқымы мөлшерінде өтінімдерді әр айдың 25-і күні Алматы қалалық қаржы басқармасына өткен айдағы Халықтық банк бөлімшесінің тексеру актісімен бірге береді.
Тармақ 14
14. Нақты көмек төлемі өткен ай бойынша жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Нақты көмек төлемі Халықтық банк бөлімшесіндегі алушының есеп шотына осы соманы аудару арқылы жүргізіледі. Халық банкінің бөлімшелері әлеуметтік көмек берілген сомасы туралы есеп құрастырып, оны Алматы қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментке белгіленген үлгі бойынша есепті айдың 5-де береді.
Тармақ 16
16. Алматы қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті әр айдың 10-ы күні ай сайын Халықтық банктің облыстық бөлімшесімен бірлесіп, тексеру актісін жасайды.
Тармақ 17. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы
17. Қаржы басқармасы қаржыландыруды бекітілген сома шегінде жазылған өтініштерге сәйкес жүргізіледі. Тексеру актісі болмаған жағдайда және құжаттарды уақытылы берілмегендіктен қаржы басқармасы қаржыландыруды тоқтатады. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы
Тармақ 18
18. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы дүниеге келген, асырап алған, сондай-ақ 18 жасқа дейін қамқорлыққа алған отбасыларына беріледі.
Тармақ 19
19. Жәрдемақы жұмыс істейтін балаларға мынандай жағдайда берілмейді: мемлекеттің толық асырауындағы балаларға, сондай-ақ балаларды асырауға алимент алудан бас тартқан ата-аналардың балаларына.
Тармақ 20
20. Жәрдемақы ата-анасының құқығынан айрылған ата-аналарға берілмейді.
Тармақ 21
21. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы мынандай жағдайда егер де орта отбасы табысы екі айлық есеп көрсеткішінен аспаса, республикалық бюджетте тиісті жылға зейнетақы, жәрдемақы және өзге әлеуметтік төлемдерді есептеу заңына сәйкес беріледі. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы тоқсан сайын есептеледі және ай сайын бір айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі. Бұл жағдайда жәрдемақы әр балаға ол баланың басқа жәрдемақы алғанына қарамастан беріледі.
Тармақ 22
22. Жәрдемақы құқығы пайда болған күннен бастап беріледі, өтініш берушінің өтінішінен үш ай бұрын.
Тармақ 23
23. Жәрдемақыны беру және төлеу, оны қайта қалпына келтіру немесе оны қайта тоқтату міндеттемесі туындаған жағдайда (баланы асырап алу, баланың шетінеуі, 7 жасқа дейінгі және одан да көп балалары бар аналардың жұмысқа кіруі) тиісті міндеттеме күшіне енген келесі айдан бастап жәрдемақыны беру және төлеу тоқтатылады немесе қайтадан беріле бастайды.
Тармақ 24
24. Жәрдемақыны алушы уақытында жәрдемақы сомасын ала алмай қалса, сол аралықта жәрдемақы туралы өтініш берген күннен бастап үш айға дейін беріледі. Жәрдемақыны артық алған жәрдемақының мөлшері (мәселен, жәрдемақы төлеуге жағдайды жасырып қалып, жалған мәлімет берген құжаттардың нәтижесінде) мынадай жағдайда қайтарылып алынады:
Тармақша а
а) артық жәрдемақыны алғаны үшін оны қайтару жөніндегі әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде;
Тармақша б
б) сот шешімінің анықтауы қаулысының және өкімінің негізінде.
Тармақ 25
25. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы егер де отбасының жұмыс істей алатын баланың әкесі жұмыс істемесе, күндізгі үлгіде оқымаса, әскерде қызмет етпесе және жұмыс істемегендіктен тіркелмесе, онда берілмейді.
Тармақ 26
26. Жәрдемақы тағайындау үшін мынадай құжаттар беріледі: баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі; отбасы құрамын растайтын құжат; отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтама, өткен тоқсанда жұмыс орнынан оқу, қызмет жерінен беріледі; отбасы мүшелері заңды тұлғаның білімі болмай кәсіпкерлікпен шұғылданса, онда салық органдарының анықтамасын береді; жұмыс істемейтіндер төлемақы алған мөлшері туралы анықтама береді.
Тармақ 27. 7 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар жұмыс істемейтін аналарға жәрдемақы
27. Мемлекеттік, әлеуметтік жәрдемақыны ІІІ-ші топтағы мүгедегі бойынша балалары бар отбасыларына жәрдемақы беру үшін осы отбасының материалдық жағдайын зерттейтін акті жасалады. 7 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар жұмыс істемейтін аналарға жәрдемақы
Тармақ 28
28. 7 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар жұмыс істемейтін аналарға ай сайынғы жәрдемақы отбасындағы бір айлық есеп көрсеткіші мөлшеріндегі табысқа тәуелсіз Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңында белгіленген зейнетақы, жәрдемақы және өзге әлеуметтік төлемдер осы жылға төлену үшін заңға сәйкес төленеді.
Тармақ 29. Үйлерінде мүгедек балаларын тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына материалдық қамтамасыз ету
29. Мемлекеттік, әлеуметтік жәрдемақыны ІІІ-ші топтағы мүгедегі бойынша балалары бар отбасыларына жәрдемақы беру үшін осы отбасының материалдық жағдайын зерттейтін акті жасалады. Үйлерінде мүгедек балаларын тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына материалдық қамтамасыз ету
Тармақ 30. Мерзімді әскери қызметтегі қызметшілердің балаларына жәрдемақы
30. Үйлерінде мүгедек балаларын тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына материалдық қамтамасыз етуді беру үшін ата-ананың біреуінің немесе оның орнындағы адамның өтініші бойынша жүргізіледі. Материадық қамтамасыз етуді беру үшін мыналар қоса беріледі: білім және спорт департаментінің Қалалық психология-медициналық педагогикалық комиссияның үйлерінде мүгедек баланы тәрбиелейтін немесе оқытуының қажеттігі туралы анықтама: отбасының құрамын растайтын құжат, тууы туралы куәліктің көшірмесі, медициналық тұжырымның көшірмесі. Жәрдемақы тоқсанына бір рет 6,5 айлық есеп көрсеткішінің мөлшерінде беріледі. Мерзімді әскери қызметтегі қызметшілердің балаларына жәрдемақы
Тармақ 31
31. Мерзімді әскери қызметтегі қызметшілердің балаларына жәрдемақы отбасының табысына тәуелсіз әр балаға ай сайын бір айлық есеп көрсеткішінің мөлшерінде Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңында айтылған зейнетақыны, жәрдемақыны және өзге әлеуметтік төлемдерді осы жылға төлеу үшін заңға сәйкес төленеді.
Тармақ 32
32. Жәрдемақы әскери қызметшінің мерзімді әскери қызметтегі уақытысы аралығында төленеді.
Тармақ 33. Адамның ауруынан жұққан және СПИД-ке ұшыраған балаларға жәрдемақы
33. Жәрдемақыны беру үшін мынандай құжаттар тапсырылады: әр баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі; отбасы құрамын растайтын құжат; аудандық (қалалық) әскери комиссариаттың мерзім қызметін көрсеткен баланың әкесінің мерзімді әскери қызметі туралы анықтамасы. Адамның ауруынан жұққан және СПИД-ке ұшыраған балаларға жәрдемақы
Тармақ 34
34. Адамның ауруынан жұққан және СПИД-ке ұшыраған балаларға жәрдемақыны беру үшін денсаулық органы берген медициналық тұжырымдама негізінде жүргізіледі. Жәрдемақы ай сайын әр балаға отбасының табысынан тәуелсіз бір айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі.
Тармақ 35. Дүниеге келген балаға әлеуметтік көмек
35. Жәрдемақыны беру үшін мынандай құжаттар тапсырылады: әр баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі; отбасы құрамын растайтын құжат; денсаулық сақтау органы берген медициналық тұжырымдама. Дүниеге келген балаға әлеуметтік көмек
Тармақ 36
36. Бала дүниеге келгенде отбасына әлеуметтік көмек беріледі. 2 және одан да көп бала дүниеге келгенде көмек әр балаға жеке беріледі. Дүниеге бала шетінеп келген жағдайда жәрдемақы төленбейді. Асырап алған балаларға көмек егер де бала тікелей Нәресте үйінен асырап алу жағдайында алынғанда ғана беріледі.
Тармақ 37
37. Дүниеге келген балаға берілген әлеуметтік көмек егер де ата-анасының қазаға ұшырауы себепті алынбай қалса, онда басқа ата-анаға немесе баланы асырап алған адамға беріледі.
Тармақ 38
38. Әлеуметтік көмек егер де баланың тууы белгіленген тәртіппен Азаматтық хал-ахуал жағдайын тіркейтін органдарда тіркелсе, ол дүниеге келген күннен бастап қаншама уақыт өмір сүргеніне қарамастан беріледі.
Тармақ 39. Жұмыс істемейтіндерге материалдық көмек
39. Туған балаға әлеуметтік көмек 4 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде егер де өтініш жазушы өтініш берген уақыты 6 айдан өткен мерзімде беріледі. Дүниеге келген әлеуметтік көмек беру негіздемесі Азаматтық хал-ахуал жағдайын тіркейтін органы берген анықтамасы мен тууы туралы куәлігі болып табылады. Жұмыс істемейтіндерге материалдық көмек
Тармақ 40
40. Жұмыс істемейтіндерге материалдық көмек белгіленген тәртіпте жұмыс істемейтін мәртебесін алған азаматтарға беріледі.
Тармақ 41
41. Жұмыс істемейтіндерге материалдық көмек егер де әр адамға бөлген айлық табыс мөлшері өткен 3 айдың ішінде 2 айлық есеп көрсеткішінен асып кетпеген жағдайда Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңында айтылған зейнетақыны, жәрдемақыны және өзге әлеуметтік төлемдерді осы жылға төлеу үшін заңға сәйкес төленеді.
Тармақ 42
42. Жұмыс істемейтіндерге материалдық көмек тоқсан сайын қаралып, ай сайын қаралып, ай сайын беріледі.
Тармақ 43
43. Жұмыс істемейтіндерге материалдық көмектің мөлшері бір айлық есеп көрсеткішін құрайды, Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңында айтылған зейнетақыны, жәрдемақыны және өзге әлеуметтік төлемдерді осы жылға төлеу үшін заңға сәйкес төленеді.
Тармақ 44
44. Егер де жұмыс істемейтін азамат кәсіби оқуға немесе қоғамдық жұмысқа жіберілсе, онда жұмыс істемейтін мәртебесі алынып тасталған күннен бастап материалдық көмек төленбейді.
Тармақ 45
45. Материалдық көмек көрсетудің жалпы мерзімі 12 айлық мезгілдің 6 айынан аспауы тиіс.
Тармақ 46
46. Материалдық көмек алуға өтініш берген жұмыссыз азамат мынандай құжаттар тапсырады: - жұмыс, оқу, әскер қызмет және басқа мекемелерде алған отбасының табысы туралы анықтама; - заңды тұлға білімі жоқ кәсіпкерлікпен шұғылданған отбасы мүшелері салық органдарының анықтамасын береді; - отбасының құрамы туралы анықтама.
Тармақ 47. Тұрғын үй көмегі
47. Жұмыс істемейтіндер аудандық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қамту орталығының Комиссиясына материалдық көмек алу құқығына әсер ететін барлық өзгерістерді хабарлауы міндетті. Тұрғын үй көмегі
Тармақ 48
48. Тұрғын үй көмегі Алматы қаласында тұрақты тұратын азаматтарға егер де тұрғын үйді ұсатуға және коммуналдық қызмет тұтынуы төлемінің шығыны, әлеуметтік тұрғын үй нормасы шегінен және коммуналдық қызметті тұтыну нормаларынан отбасындағы бюджетте жалпы табыстың 30 проценттік үлесінен асып кеткен жағдайда беріледі. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйге және коммуналдық қызмет тұтыну көлемі асып кетсе, онда азаматтар жалпы негізде өздері төлейді.
Тармақ 49
49. Тұрғын үй алаңының нормасы өтемақы төлеу үшін қамтамасыз ететіндіктен тұрғын үй нысандарында белгіленген әр отбасы мүшесіне тұрғын үй беру құқығымен тепе-тең, Тұрғын үйді ұстау шығынының мөлшері қызметтік тұрғын үй есеп көрсеткішінде қабылданған жәрдемақы Алматы қаласының Әкімімен белгіленеді.
Тармақ 50
50. Тұрғын үй көмегін ақшалай түрінде Алматы қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті береді.
Тармақ 51
51. Тұрғын үй көмегі жеке адамдарға қалада тұрақты тұратын меншік түріне қарамастан тұрғын үйдің иесі немесе оның (жалға алушысы) жалға берушісі болып табылса ғана беріледі.
Тармақ 52
52. Азаматтар егер де олардың иелігінде бір бөлікті тұрғын үйі (пәтері, үйі) немесе жалға берген жайы болса, онда олар тұрғын үй көмегін алу құқығынан босатылады. Тұрғын үй көмегін егер де отбасында жұмыс істей алатын азаматтары бар болса және олар еш жерде жұмыс істемесе, оқымаса немесе әскерде қызмет етпесе және жұмыс істемейтін мәртебесі жоқ еңбекке тарту қызметіне тіркелмесе, егер де олар өзін қарауға мүгедек болып немесе баланың тәрбиелеуге (бір немесе одан көп 3 жастан асқан болса), сондай-ақ ең соңғы баласы 1-ші класқа барса (жасы 9-дан аспаса) 4 немесе одан да көп бала тәрбиелеген азаматтардан басқаларға тұрғын үй көмегін алуға құқық берілмейді.
Тармақ 53
53. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті көрсету төлемін азайту үшін нақты беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті көрсетуге нақты белгіленген сомадан аспауы тиіс.
Тармақ 54
54. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетуге қажетті төлемінің мөлшері өзгерген жағдайда отбасы табысын, сондай-ақ коммуналдық қызметтің тарифтері ставкасын Еңбек, жұмыспен және халықты әлеуметтік қорғау департаменті алдында берілген көмекке қайта есептеу жүргізеді.
Тармақ 55
55. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күннің ішінде Еңбек, жұмыспен камту және халықты әлеуметтік қорғау департаментке өз тұрмысының өзгеру үлгісін, отбасындағы өзгерістерді және табысының мөлшерін, сондай-ақ көмекті дұрыс бермеген жағдайы туралы мәлімет беру. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментке заңсыз өтемақыны дұрыс бермеген меншік иесі (жалға алушы) осы көмекті бір жылдың ішінде алуымен шешіледі және белгіленген заң тәртібімен шығынның орны өтеледі және айыппұл салынады.
Тармақ 56
56. Азаматтарға тұрғын үй көмегі мынандай уақытта тоқталады, егер азамат: - қайталап аттестация жүргізу үшін мәлімет бермеген жағдайда; - шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда; - тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсету төлемін уақытылы төлемеген жағдайда; - дұрыс есептелмеген жағдайда немесе басқа тәртіп бұзушылық салдарынан артық төленген өтемдерді қайтармаған жағдайда.
Тармақ 57. Тұрғын үй көмегін есептеу
57. Көмекті беру мынандай жағдайда тоқтатылады, егер де: - отбасы өз еркімен Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментке өздерінің бағдарламадан шығатыны туралы шешімін қабылдаса; - тұрған мекен-жайын отбасының құрамы, отбасының табысы өзгеріп, тұрғын үй көмек бағдарламасына қатысуға сәйкестендірілмейтін болған жағдайда; - отбасы шарт жөніндегі өздерінің міндеттемесін және оны тоқтату туралы рәсімнен кейін орындамаған жағдайда. Тұрғын үй көмегін есептеу
Тармақ 58
58. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім меншік иесінің (жалға берушінің) өтініші және оған қоса отбасының құрамы туралы, орналасқан алаңының мөлшері, тұрғын үй коммуналдық қызмет көлемінің шығыны, отбасының табысы және меншігінде бір тұрғын үйден артық жоқтығы туралы құжаттардан кейін шешіледі.
Тармақ 59
59. Берілген құжаттарды қарау нәтижесі бойынша отбасына шарт жасалады, оған көмек беру сомасы жазылады. Шарт (келісім) екі данада жасалады, оның біреуі меншік иесінде (жалға берушіде) сақталады, аталған шарт тұрғын үй көмегін беру негізі болып табылады.
Тармақ 60
60. Егер де берілген мәліметке күмән келген жағдайда Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті сурау салуына құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алушының табысы жайлы мәлімет берулері тиіс.
Тармақ 61
61. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй иесінің коммуналдық қызметке норма шегінде өтемақының дұрыс мөлшері және осы отбасының осы мақсатқа шекті шығын деңгейімен аралықтағы мөлшерімен есептеледі.
Тармақ 62
62. Еңбек, жұмыспен және халықты әлеуметтік қорғау департаменті ай сайын азаматтардың тізіміне оларға берілетін көмек тиісті өзгерістер азаматтардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы барлығын не жоқтығы жайлы өзгерістер енгізеді.
Тармақ 63
63. Тұрғын үй көмегі өтініш бергеннен кейін 3 айға беріледі. Тұрғын үй көмегін алушыны қайта тіркеу оның отбасының табысы, отбасының құрамы және меншік иесінде бір тұрғын үйден басқа меншігінің жоқтығы туралы анықтамалардан кейін жүргізіледі.
Тармақ 64. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беруге байланысты шығындарының орнын толтыру тәртібі
64. Азаматтар тұрғын үй көмегін беру туралы өтініш берісімен сол айдың 25-і күні келесі көмек берілуі тізіміне жазылады. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беруге байланысты шығындарының орнын толтыру тәртібі
Тармақ 65
65. Тұрғын үй көмегінің төлемін қаржыландыру қала бюджетінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 66. Жұмыс істейтін азаматтарды соңғы сапарға аттандырудағы әлеуметтік көмек
66. Тұрғын үй көмегін беру бөлімі шарт негізінде меншік иесі мен жалға алушылардың тізімін құрастырады, оларға берілетін көмектің сомасын жазады және ай сайын есептік кезеңдегі айдың 3-і күні қалалық қаржы басқармасына бюджеттен көмек беру сомасының өтелгені туралы есеп береді. Қалалық қаржы басқармасы есеп беретін айдың 5-і күні аталған қаражаттарды департаменттің бюджет есебіне аударады, ол өз кезегінде Халықтық жинақ банкінің бөлімшелеріне жәрдемақы алушылардың есебіне аударады. Халықтық жинақ банкінің бөлімшесі ай сайын тұрғын үй көмегінің берілген сомасы туралы есеп жазады және Алматы қалалық Еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне белгіленген үлгі бойынша есеп берілетін келесі айдың 10-да жібереді. Жұмыс істейтін азаматтарды соңғы сапарға аттандырудағы әлеуметтік көмек
Тармақ 67
67. Жұмыс істейтін азаматтарды соңғы сапарға аттандырудағы әлеуметтік көмек оның отбасы мүшелеріне немесе оны соңғы сапарға аттандыруды өз міндеттемелеріне алған адамдарға беріледі.
Тармақ 68
68. Жұмыс істейтін азаматтарды соңғы сапарға аттандырудағы әлеуметтік көмек отбасының табысынан тәуелсіз қайтыс болған күні 15 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде төленеді.
Тармақ 69. Жұмыс істемейтін азаматтарды соңғы сапарға аттандырудағы материалдық көмек
69. Жұмыс істейтін азаматтарды соңғы сапарға аттандырудағы әлеуметтік көмек егер де ол туралы өтініш қаза болған адамның жерлеуінен кейін 6 айдың ішінде берілсе. Негіздеме: өтініш қаза болғаны туралы анықтама азаматтық хал-ахуал актілерін жазу органы берген және қаза болған адам жұмыскер болғаны жайлы берілген құжат. Жұмыс істемейтін азаматтарды соңғы сапарға аттандырудағы материалдық көмек
Тармақ 70
70. Соңғы сапарға аттандырудағы материалдық көмек жұмыс істемейтін азаматтың отбасының табысынан тәуелсіз жағдайда беріледі.
Тармақ 71
71. Жұмыс істемейтін азаматтарды соңғы сапарға аттандырудағы материалдық көмек оның отбасы мүшелеріне немесе оны соңғы сапарға аттандыруды өз міндеттемелеріне алған адамдарға беріледі.
Тармақ 72
72. Жұмыс істемейтін азаматтарды соңғы сапарға аттандырудағы материалдық көмек 15 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде төленеді, "Республикалық бюджет туралы" заңда тиісті жылға зейнетақыны, жәрдемақыны және өзге әлеуметтік төлемдерді осы жылға төлеу үшін заңға сәйкес төленеді.
Тармақ 73
73. Жұмыс істемейтін азаматтарды соңғы сапарға аттандырудағы материалдық көмек беру үшін мынандай құжаттарды тапсырылуы тиіс: - жұмыс істемейтін азаматтың қазасы туралы анықтама.