Нанға және тамақтың негізгі өнімдеріне бағаның көтерілуіне байланысты азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмек төлеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нанға және тамақтың негізгі өнімдеріне бағаның көтерілуіне байланысты азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмек төлеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Маңғыстау облысы әкімдігінің «Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлері туралы» 2008 жылдың 28 ақпанындағы №164 (Маңғыстау облысының әділет департаментінде 2008 жылдың 28 наурызында №2007 болып тіркелген) қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға; жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға; Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша, жасының келуі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға әлеуметтік көмек төлеу белгіленсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың балаларына төленеді.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі-Уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган Мұнайлы аудандық зейнетақы төлеу орталығының ұсынған тізімдері негізінде әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек аудандық бюджет қаражаты есебінен 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын төленеді.
Тармақ 6
6. Азаматтарға әлеуметтік көмек төлеу жұмыспен қамту бөлімінің табыстаған тізімінің негізінде Агенттік келісімге сәйкес комиссиондық сыйақы төленуімен «Қазпочта» (бұдан әрі-Қазпочта) Акционерлік қоғамының филиалдарының желілері арқылы үш айға бір төлеммен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалып, мезгілінде төленуіне жауаптылық Уәкілетті органға жүктеледі.
Тармақ 8
8. Алушылар тізімдерінің дұрыс және мезгілінде жасақталуына Мұнайлы аудандық зейнетақы төлеу орталығы жауаптылық тартады.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Әбіловке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының м.а М.К.Саргулова 2008ж