О создании дочерних государственных предприятий Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники" Министерства здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосымшаға сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат етілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрі-Дәрмек" дәрілік заттар орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қазандағы N 1081 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 33, 354-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 4-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылатын еншілес мемлекеттік кәсіпорындары тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі N 837 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылатын еншілес мемлекеттік кәсіпорындары тізбесі
Тармақ 1
1. "Қарағанды облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Қарағанды қаласы.
Тармақ 2
2. "Қостанай облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Қостанай қаласы.
Тармақ 3
3. "Павлодар облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Павлодар қаласы.
Тармақ 4
4. "Жамбыл облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Тараз қаласы.
Тармақ 5
5. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы", Өскемен қаласы.