Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегінің нұсқаулығын бекіту туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы №2/23 шешімі жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы _________________ Ж.Тұманбаева «14» тамыз 2008 жыл
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 14 тамыздағы №7/84 шешімімен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – тұрғын үй көмегі) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жалғызілікті зейнеткерлерге көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі Мұнайлы аудандық зейнетақы төлеу орталығының жасақтаған алушылар тізімдері негізінде ай сайын тағайындалады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган ай сайын тапсырылған құжаттардың негізінде тұрғын үй көмегін алушы жалғызілікті зейнеткерлер тізімін жасақтайды. Жалғызілікті зейнеткерлерге тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
Тармақша 3
3) тұрғындар есебі кітабының көшірмесі;
Тармақша 4
4) зейнетақы алушы кітапшасының көшірмесі;
Тармақ 5
5. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен құжаттарының дұрыстығына толық жауаптылық тартады. Төлем жүргізілгеннен кейін деректердің анық еместігі айқындалған жағдайда, заңсыз төленген сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан өндіріледі.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төленеді.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалып, мезгілінде төленуіне Уәкілетті орган жауаптылық тартады.
Тармақ 8
8. Алушылар тізімдерінің дұрыс және мезгілінде жасақталуын Мұнайлы аудандық зейнетақы тағайындау орталығы жауаптылық тартады.