О внесении дополнения и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында "Есіл" ауданын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыздағы N 637 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақша 2
2) "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Барлығы, штат саны* (бірлік)" деген бағанда:
"Астана қаласы" деген жолдағы "1011" деген сандар "1043" деген сандармен ауыстырылсын;
"ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "47492" деген сандар "47524" деген сандармен ауыстырылсын.\
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және Астана қаласының әкімі белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) өзінің бұрын шығарылған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.