Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыратын орындарды белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі және Сарыкөл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сарыкөл кентінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыратын орындар белгіленсін:
Тармақша 1
1) жеке хабарландыруларды орналастыруға келесі мекенжай бойынша металлқұрылмалар: - Абай көшесі, «У Нины» дүкені ғимаратының жанында; - «Лада» дүкенінің жанындағы Павших Борцов көшесі мен Юбилейная көшесінің бұрышы; - Октябрьге 50 жыл көшесі, «Урицкий» көтерме дүкені ғимаратының жанында; - «Евразия» дүкені ғимаратының жанындағы Әлібек Батыр және Комсомольская көшелерінің бұрышы; - Привокзальная көшесі, теміржол вокзалының ғимараты; - Ленин көшесі, «Иволга-Растр» дүкені ғимаратының жанында;
Тармақша 2
2) қоғамдық көлік аялдайтын павильондардың жанында орналастырылған стендтер, тұғырлықтар, тақталар;
Тармақша 3
3) меншік иелерінің рұқсатымен мекемелердің, кәсіпорындардың және басқа да ғимараттардың үй-жайлары;
Тармақша 4
4) пәтерлердің меншік иелерінің рұқсатымен тұрғын үйлер кірмелерінің есіктері.
Тармақ 2
2. Ауылдық округтерде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған келесі орындар белгіленсін: мәдени үйлер мен дүкендердің жанында жеке хабарландыруларды орналастыру үшін металлқұрылмалар.
Тармақ 3
3. Үгіттеу материалдарын тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ескерткіштерге, ескерткіш тұғырларға, ғимараттар мен имараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға іліп қоюға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Барлық үміткерлердің тең құқықтарын қамтамасыз ететін жағдайда үгіттеу баспа басылымдар белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Т. Жарқынбаеваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.