Об установлении водоохранных зон и полос реки Иртыш в границах Павлодарской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116 -баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» № 19-1/446 бұйрығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Павлодар облысы шекараларындағы бекітілген жобалау құжаттаманың негізінде Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 1- қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағының аумағында шаруашылық қызметтің арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шек қойылған шаруашылық қызмет режимі 2- қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобасын мемлекеттік жер кадастрына есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік уәкілетті органдарға тапсырсын.
Тармақ 4
4. Ақсу қаласы, Ақтоғай, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар аудандарының әкімдері осы қаулыны барлық мүдделі ұйымдар мен азаматтардың назарына жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Бастеновке жүктелсін. Келісілді: Ертіс бассейіндік су шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы М. Вагапова Облыс мемлекеттік санитарлык эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы А. Темербаев
Басқа 7. Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" № 219/8 қаулысына 1-қосымша Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері Р/с № Аудандардың атаулары Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуі Шекара ұзындығы, (км) Ауданы (га) Ені (м) Шекара ұзындығы, (км) Ауданы (га) Ені (м) 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Ақтоғай 88,4 64649 600- 11500 351,2 17654 40-150 2 Железин 68,2 17928 300- 7000 92,2 5349 20-120 3 Ертіс 101,9 51266 400- 7300 147,3 12599 30-120 4 Качиры 84,0 39348 300- 10500 168,2 8974 20-140 5 Лебяжі 107,3 47793 400- 12000 223,6 11108 30-100 6 Май 116,5 88600 600- 14000 172,2 16596 20-100 7 Павлодар 129,6 62379 800- 9000 256,0 15596 40-130 8 Ақсу қаласының ауылдық аймағы 105,4 81015 3000-13000 227,2 19761 40-130
Басқа 8. Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумақтарында шаруашылық қызмет режимі
Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" № 219/8 қаулысына 2-қосымша Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумақтарында шаруашылық қызмет режимі
Тармақ 1
1. Ертіс өзенінің су қорғау белдеулерінің шегіне:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға рұқсат етілмейді.
Тармақ 2
2. Ертіс өзенінің су қорғау аймақтарының шегіне:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) рұқсат етілмейді.