Қолданыстағы ред. 02.09.2008

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы от 02.09.2008 г. № 228 (Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы)

0

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес әскерге шақырушыларды кезекті әскерге шақыру және облыстық жинақтау пунктіне жөнелту, кезекті аудандық шақыру пунктін сапалы және уақытында қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында Жылыой ауданы аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығынан айырылған 27 жасқа дейінгі ересек жастағы азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына, басқада әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.

2

2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

3

3. Ұйымдар, мекемелер басшыларына Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қарамағына 2 қосымшаға сәйкес техникалық қызметшілер бөлу ұсынылсын.

4

4. Поселке және селолық округ әкімдері 3 қосымшаға сәйкес әскерге шақырушыларды аудандық шақыру комиссиясынан өтулері және қосымша тексеру үшін дәрігерлік мекемелерге тұрғылықты жерінен Атырау облысы Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге және кері қарай тұрғылықты жеріне дейін жеткізуді қамтамасыз етсін.

5

5. Атырау облысы денсаулық сақтау департаментінің Жылыой аудандық орталық ауруханасынан (келісім бойынша):

1

1) әскерге шақырылушылардың қан және зәр құрамын айыруды, кеуде органдарын рентгенологиялық зерттеу, жүрек соғысын бақылау (ЭКГ-электрокардиограмма) жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ЖҚТБ) және мерез ауруларына тексеру үшін емдеу профилактикалық мекемелерден қажетті мөлшерде орын бөлу;

2

2) денсаулығына байланысты әскерге шақырылу мерзімі кейінге қалдырылған дімкес жастарды емдеу-сауықтыру шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.

6

6. 4 қосымшаға сәйкес мекемелер басшыларына Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кезекші көліктер бөлу ұсынылсын.

7

7. Атырау облысының ішкі істер департаменті Жылыой ауданының ішкі істер бөліміне (Б.Рахметов) (келісім бойынша) Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп (келісім бойынша):

1

1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету;

2

2) әскери шақыру комиссияларына белгіленген мерзімде келмеген адамдарды жедел іздестіріп тауып, Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу;

3

3) Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жинақтаушы пункітінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полицияның күшейтілген нарядын бөліп, командаларды көлікке отырғызу жүргізіп жіберу, сонымен бірге шақырылушылар колоннасын (шақырылушылар санына қарамастан) жол полиция басқармасы нарядымен бастап шығарып салу ұсынылсын.

8

8. Жылыой ауданы қаржы бөлімі 2008 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуге байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

9

9. Жылыой аудандық әкімиятының 2008 жылғы 10 маусымдағы №143 «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» қаулының (Жылыой аудандық әділет басқармасында 2008 жылы 23 маусымда №4-2-94 мемлекеттік тіркеу санымен тіркелген, «Кең Жылыой» газетінде 2008 жылы 10 шілдеде №28 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

10

10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.

11

11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Келісілді:
Атырау облысы Жылыой ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлім
бастығының уақытша міндетін атқарушы
«02» қыркүйек 2008 ж
Д.Тілеуов
Атырау облысы ішкі істер
департаменті Жылыой ауданы
ішкі істер бөлімінің бастығы
«02» қыркүйек 2008 ж
Б.Рахметов
«Казкомсервис» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бас директоры
«02» қыркүйек 2008 ж
А.Байшаханов
«Рип-Газ» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
«02» қыркүйек 2008 ж
С.Қабдушев
Атырау облысы денсаулық сақтау
департаментінің Жылыой ауданы
орталық ауруханасының бас дәрігері
«02» қыркүйек 2008 ж
Т.Қалиев
«Қазақстан Теміржол Ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамы
Құлсары жол дистанциясы филиалының
бастығы
«02» қыркүйек 2008 ж
Б.Тайбеков
«Каз ТрансОйл» акционерлік қоғамының
«Құлсары мұнай құбырлары» басқармасы
«02» қыркүйек 2008 ж
А.Бешімов
«Бақай» корпорациясының директоры
«02» қыркүйек 2008 ж
М.Балжігітов
«ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру»
акционерлік қоғамының «Жылыоймұнайгаз»
мұнай газ өндіру басқармасының бастығы
«02» қыркүйек 2008 ж
А.Ғабдуллин
«Ақниет-Ембі» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі директорының міндетін атқарушы
«02» қыркүйек 2008 ж
Т.Майлыбаев
«Kaz Petro Trans» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бас директоры
«02» қыркүйек 2008 ж
Қ.Надиров

17

Аудандық әкімияттың
2008 жылғы 2 қыркүйектегі
№228 қаулысына 1 қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық әскери шақыру кломиссиясының құрамы
Тілеуов Дастан Құбашұлы
- Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының лауазымын уақытша атқарушы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Сағиев Мажит Сағиұлы
- Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, аудандық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Таласбаева Қалау Қажымқызы
- Жылыой аудандық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Минтаев Азат Спатайұлы
- Атырау облысының ішкі істер департаменті Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Баян Тасымбаева Тасымбайқызы
- Жылыой аудандық емханасының жасөспірімдер дәрігері

18

Аудандық әкімияттың
2008 жылғы 2 қыркүйектегі
№228 қаулысына 2 қосымша
Атыру облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағана бөлінетін техникалық қызметкерлер
Р/с
Мекеменің аты
Бөлу мерзімі
Қызметкерлер саны
1
Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
1 қазан
31 желтоқсан
10
2
«Қазақстан Теміржолы Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Құлсары жол дистанциясы филиалы (келісім бойынша)
1 қазан
31 желтоқсан
1
3
«ҚазМұнайгаз Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының «Жылыоймұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасы (келісім бойынша)
1 қазан
31 желтоқсан
1
4
«Бақай» корпарациясы (келісім бойынша)
1 қазан
31 желтоқсан
1
Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет» туралы Заңның 44-бабының 2-тармағына сәйкес техникалық қызметкерлердің Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өз міндеттерін атқарған уақыттарында, олардың жұмыс орны мен орташа айлық жалақысы сақталады.

19. Күнделікті комиссия өтетін күндер:

Аудандық әкімияттың
2008 жылғы 2 қыркүйекткегі
№228 қаулысына 3 қосымша
2008 жылғы күзгі әскер қатарына шақырылушылардың дәрігерлік комиссиядан өту
Кестесі

р/с
Поселкелік, селолық аймақтардың атаулары
Комиссиядан өту күндері
Қазан-желтоқсан
1
Жаңа-Қаратон
1,9,17,27,4,12,24,2,10,19,29.
2
Қара-арна
2,10,20,28,5,13,25,3,11,22,30.
3
Қосшағыл
3,13,21,29,6,14,26,4,12,23,31.
4
Жем
6,14,22,30,7,17,27,5,15,24.
5
Ақкиізтоғай
7,15,23,31,10,20,28,8,17,25.
6
Майкөмген
8,16,24,3,11,21,1,9,18,26.
7
Құлсары
қазан-31 желтоқсан
Күнделікті комиссия өтетін күндер:
Қазан 1,2,3,6,7,8,9,10,13,14,15,16,17,20,21,22,23,24,27,28,29,30,31.
Қараша 3,4,5,6,7,10,11,12,13,14,17,18,19,20,21,24,25,26,27,28.
Желтоқсан 1,2,3,4,5,8,9,10,11,12,15,17,18,19,22,23,24,25,26,29,30,31.

20

Аудандық әкімияттың
2008 жылғы 2 қыркүйектегі
№228 қаулысыан 4 қосымша
Мекемелердің кезекші көліктерді бөлу кестесі
Р/с
Мекемелердің аттары
Кезекші көлік беру мерзімдері
1
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Құлсары мұнай құбырлары» басқармасы (келісім бойынша)
13 қазан
23 қазан
2
«Kaz Petro Trans» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
24 қазан
4 қараша
3
«Бақай» корпорациясы (келісім бойынша)
5 қараша
15 қараша
4
«ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының «Жылыоймұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасы (келісім бойынша)
17 қараша
27 қараша
5
«Казкомсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
1 желтоқсан
9 желтоқсан
6
«Ақниет-Ембі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
10 желтоқсан
20 желтоқсан
7
«Рип-газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
22 желтоқсан
30 желтоқсан
📌 Ескерту. Кезекші көліктер кезекшілік ету күндерінде таңертеңгі сағат 8.30-да толық жанар-жағар майымен Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде болуы шарт.