Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
2008 жылғы «17» қыркүйектегі № 11-5
аудандық мәслихаттың шешіміне қосымша
Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне енгізілетін өзгерістер
Тармақ 1
1. «Аз -қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы №33-7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылгы 19 желтоқсандағы №4-4 шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-85 санымен тіркелген, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы №7 санында жарияланған):
2-тармақтағы «2008 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздер «алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Аудан бойынша сыртқы (көрнекті) жарнама обьектілерін елді мекендерде орналастырғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №4-7 шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-6-80 санымен тіркелген, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы №4-5 санында жарияланған):
4-тармақтағы «2008 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздер «алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. «Аудан бойынша жер салығының белгіленген базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №4-9 шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-82 санымен тіркелген, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы №4-5 санында жарияланған):
3-тармақтағы «2008 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөз «алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. «Жалағаш ауданы бойынша салық салу обьектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №4-10 шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-83 санымен тіркелген, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы №4-5 санында жарияланған):
3-тармақтағы «2008 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөз «алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң» деген сөзбен ауыстырылсын.