О государственном учреждении "Дирекция специальной экономической зоны "Морпорт Актау" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін ұйымдастыру нұсқаулығы N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру нұсқаулығы N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ақтау қалалық әкімдігінің 17.08.2007 жылғы N 1167 қаулысының және Ақтау қалалық әкімдігінің 14.07.2008 ж. N 700 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.А.Клинчевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
БЕКІТІЛДІ: Ақтау қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 15 тамыздағы N 845 қаулысымен 1-Қосымша "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін ұйымдастыру НҰСҚАУЛЫҒЫ
Тарау 1. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін ұйымдастыру Нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң), "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына, ҚР Салық кодексіне, ҚР Кеден кодексіне сәйкес әзірленді және "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін ұйымдастырудың тәртібін айқындап белгілейді.
Тармақ 2
2. Арнайы экономикалық аймақ Қазақстан Республикасының шекаралары дәл белгіленген шектелген аумағы болып табылады, онда қызметінің басым және басым түрлеріне жатпайтын, алайда АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуының мақсаттарына қол жеткізуге сәйкес келетін өзгелерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Тармақ 3
3. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жұмыс қызметі, Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтарындағы қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, осы Нұсқаулыққа және "Ақтау теңіз порты" АЭА уәкілетті органы бекіткен, басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы Нұсқаулық мынадай ұғымдар пайдаланылады: Уәкілетті орган - Ақтау қаласының әкімдігі. "Ақтау теңіз порты" АЭА - "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы. "Ақтау теңіз порты" АЭА-ның кіші аймағы - "Ақтау теңіз порты" АЭА дамыту стратегиясына сәйкес жобаларды орналастыруға арналған, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағының шегінде орналасқан шартты географиялық аймақ. Өтініш беруші - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға рұқсат алуға талапкер заңды тұлға, жеке кәсіпкер, нерезидент. "Ақтау теңіз порты" АЭА әкімшілігі - АЭА "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жұмыс істейтін, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі - "Ақтау теңіз порты" дирекциясы" мемлекеттік мекемесі. Сараптау кеңесі - өтінімдерді қарауға және Өтініш берушінің "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысының немесе өзге де субъектілерінің критерийіне сәйкестігі туралы ұсыным беруге уәкілетті, қала әкімі жанындағы кеңес. "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушысы - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметінің басым түрлерін жүзеге асыратын және инвестициялық қызметін жүргізу туралы келісім жасасқан, заңды тұлға. Қызметінің басым түрлері - оған арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі - Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамалары мен өзге де заңдарына сәйкес жеңілдіктер беру таралатын, қызметінің түрлері. АЭА -тың өзге де субъектілері - басым түрлеріне жатпайтын, алайда АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуының мақсаттарына қол жеткізуге сәйкес келетін және инвестициялық қызметін жүргізу туралы келісім жасасқан, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және нерезиденттер. Оператор - компания - "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағына қатысушыларды тарту, оларды қызметінің басым түрлерін жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық ресурстармен және өзге де жағдайлармен тиімді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган айқындап белгілейтін, заңды тұлға. "Ақтау теңіз порты" АЭА Салық комитеті - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкімшілік ету бойынша функцияларды жүзеге асыратын орган. "Ақтау теңіз порты" АЭА Кедендік постысы - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға кедендік әкімшілік ету бойынша функцияларды жүзеге асыратын орган. Инвестициялық қызмет туралы келісім-шарт - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметінің басым және өзге де түрлерін жүзеге асыру мәселелері бойынша құқықтар мен міндеттер белгілейтін, АЭА қатысушысының немесе өзге де субъектілерінің "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігімен арасында жасасқан, инвестициялық қызмет жүргізу туралы келісім.
Тарау 2. II. "Ақтау теңіз порты" АЭА басқару
II. "Ақтау теңіз порты" АЭА басқару
Тармақ 5
5. "Ақтау теңіз порты" АЭА басқаруды Уәкілетті орган - Ақтау қаласының әкімдігі жүзеге асырады. Уәкілетті органның құзыреті "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2007 жылғы 6 шілдедегі ҚР Заңымен және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығымен бекітілген, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы" Ережемен айқындалған.
Тармақ 6
6. "Ақтау теңіз порты" АЭА қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның жекелеген функциясын жүзеге асыратын Атқарушы басқару органы "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі болып табылады.
Тармақ 7
7. "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі:
Тармақ 7.1
7.1"Ақтау теңіз порты" АЭА даму Стратегиясын әзірлейді және іске асырады;
Тармақ 7.2
7.2 "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймақ қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
Тармақ 7.3
7.3 уәкілетті орган айқындап белгілеген тәртіппен, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақ 7.4
7.4 "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушыларымен қызметін жүргізу туралы келісім жасасады;
Тармақ 7.5
7.5 "Ақтау теңіз порты" АЭА кіші аймақтарына оператор-компанияларды конкурстық негізде іріктеуге қатысады;
Тармақ 7.6
7.6 кіші аймақтардағы оператор-компаниялармен шарттар жасасады;
Тармақ 7.7
7.7 "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының қатысушыларына уақытша ақылы (жалға) жер, сондай-ақ "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында тіркелген заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және нерезиденттерге, осында құрылған "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағынан жер учаскесін береді;
Тармақ 7.8
7.8 Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем сомасының есептерін түзіп жасайды;
Тармақ 7.9
7.9 "Ақтау теңіз порты" АЭА оператор-компанияларының, қатысушыларының және өзге де субъектілерінің есебін жүргізеді;
Тармақ 7.10
7.10 "Ақтау теңіз порты" АЭА-ның оператор-компанияларының, қатысушыларының және өзге де субъектілерінің міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда, олармен жасасқан шарттарды қайта қарауға немесе мерзімінен бұрын бұзуға әзірлеуге ұйтқы болады;
Тармақ 7.11
7.11 мемлекеттік органдарға "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының қызметі туралы ақпарат табыстайды;
Тармақ 7.12
7.12 "Ақтау теңіз порты" АЭА қызметін регламенттейтін, Әкімшілік Жарғысының нұсқауына және басқа да құжаттарға сәйкес өзге де іс-әрекетті жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Өтінімдерді қарауға және "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушысының немесе өзге де субъектісінің критерийіне Өтініш берушінің сәйкес келетіндігі туралы ұсынымдар беруге уәкілетті алқалы органы Ақтау қаласы әкімі жанындағы Сараптама кеңесі болып табылады. Сараптама кеңесінің құрамы мен оның қызметінің регламенті, Уәкілетті орган бекітетін, Сараптама кеңесі туралы Нұсқаумен айқындалып белгіленеді.
Тармақ 9
9. АЭА жұмыс істеген кезеңінде, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкімшілік ету функциясын жүзеге асыратын органы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Ақтау теңіз порты" Салық комитеті" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 10
10. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға кедендік әкімшілік ету функциясын жүзеге асыратын органы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Ақтау теңіз порты" АЭА Кедендік постысы болып табылады.
Тармақ 11
11. "Ақтау теңіз порты" АЭА даму Стратегиясымен орындалуы белгіленген, жекелеген кіші аймақтың мақсаты мен міндеттерінің орындалуы үшін уәкілетті органның алдында жауапты органы, кіші аймақтағы оператор-Компания болып табылады. Оператор-Компанияның құзыреті "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңымен айқындалып белгіленген.
Тармақ 12
12. Кіші аймақтағы оператор-Компания:
Тармақ 12.1
12.1 "Ақтау теңіз порты" АЭА қызметіне қатысуы үшін арнайы экономикалық аймағының әлеуетті қатысушыларын тартады;
Тармақ 12.2
12.2 арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс қызметіне жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру жөнінде "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігіне ұсыныстар енгізеді;
Тармақ 12.3
12.3 арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті, заңды/жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу рәсімдерін жедел жүргізу, рұқсат құжаттарын алу мақсатында, мемлекеттік органдармен қатынастарда "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушыларының мүддесін білдіреді;
Тармақ 12.4
12.4 құрылыс салуды, кейіннен инфрақұрылымдық ресурстарды пайдалана қызмет көрсете қамтуды жүзеге асырады; "Ақтау теңіз сауда порты" арнайы экономикалық аймағының қатысушыларына, сондай-ақ "Ақтау теңіз порты" АЭА -тың өзге де субъектілеріне өздерінің кіші аймақтарының шегінде жобаларын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, өзінің кіші аймақтарында тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақ 12.5
12.5 арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс қызметін жүзеге асыруға рұқсат берілген, "Ақтау теңіз порты" АЭА -тың өзге де субъектілерімен шарттар жасасады және бұзады;
Тармақ 12.6
12.6 "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігімен шарт жасасады, онда кіші аймақты дамытуға және басқаруға байланысты, міндеттері мен өкілеттігін, жұмыс қызметінің тәртібін және басқа да мәселелерін айқындап белгілейді;
Тармақ 12.7
12.7 Қазақстан Республикасының осы Заңына және өзге де заңдарына қайшы келмейтін, өзге де шаруашылық қызметін жүргізеді.
Тарау 3. III. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы жұмыс қызметінің түрлері
III. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы жұмыс қызметінің түрлері
Тармақ 13
13. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жұмыс қызметінің мынадай түрлерін жүзеге асыруға рұқсат беріледі:
Тармақша 1
1) Қызметінің басым түрлері - оған Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамаларына және өзге де заңдарына сәйкес жеңілдіктер беру - арнайы экономикалық аймағының құқықтық режимі таралатын жұмыс қызметінің түрлері. Қызметінің басым түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалып белгіленеді;
Тармақша 2
2) Қызметінің өзге де түрлері - басым түрлеріне жатпайтын, алайда "Ақтау теңіз порты" АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуы мақсатына қол жеткізуге сәйкес келетін, қызметі.
Тарау 4. IV. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы қызметке жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру
IV. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы қызметке жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру
Тармақ 14
14."Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы қызметке жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру, Уәкілетті орган бекіткен, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы қызметке жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру Нұсқаулығымен айқындалып белгіленеді.
Тарау 5. V. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жер пайдалану құқығын беру
V. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жер пайдалану құқығын беру
Тармақ 15
15. "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушысы, сондай-ақ "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметінің өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті, әртүрлі жылжымайтын мүлік объектілері құрылысын салу көздестірілген, инвестициялық қызмет туралы "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігімен Келісім-шарт жасасқаннан кейін, АЭА аумағында жер учаскесіне уақытша ақылы жер пайдалану құқығын алады.
Тармақ 16
16. 21 тармақ бойынша инфрақұрылым объектілері мен басқа да объектілер құрылысын салу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігінің және оператор-Компанияның келісімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 17
17. АЭА кіші аймақтарының инфрақұрылымын құру және кейіннен инфрақұрылымдық ресурстарды пайдаланып қызмет көрсете қамту бойынша оператор-Компания шеккен шығындар, "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушылары мен өзге де субъектілері үшін белгіленген төлем тарифтері арқылы өндіріледі.
Тармақ 18
18. "Ақтау теңіз порты" АЭА -тың Қатысушыларына, сондай-ақ өзге де субъектілеріне бөлінген жер учаскелерінің көлемін кейіннен өзгерту, "Ақтау теңіз порты" АЭА басқару органының келісімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Арнайы экономикалық аймақтың режимінің қолданылуы кезеңінде "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жер учаскелерін сатуға және өзгедей оқшаулауға тыйым салынады.
Тармақ 20
20. АЭА режимін қолдану аяқталғаннан кейін, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында орналасқан, қызметін жүргізу туралы келісім аясында салған объектілерінің иесі, тиісті жер учаскесін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, оның кадастрлық ( бағалау) құны бойынша сатып алуға басым құқыққа ие болады.
Тармақ 21
21. АЭА режимінің қолданылуы аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде жеке меншікке сатып алынбаған жер учаскелерін, "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі Ақтау қаласының әкімдігіне береді.
Тарау 6. VI. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау
VI. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау
Тармақ 22
22. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында кедендік және салықтық реттеу, шетелдік жұмыс күштерін тарту, бақылау мен есептілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігінің нормативтік құжаттарымен жүзеге асырылады.
Тарау 7. VII. "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысының немесе өзге де субъектілерінің қызметін тоқтату
VII. "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысының немесе өзге де субъектілерінің қызметін тоқтату
Тармақ 23
23. "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысының, сондай-ақ өзге де субъектілерінің қызметін тоқтату мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысының бастамашылығы бойынша;
Тармақша 2
2) "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметінің өзге де түрлерін жүзеге асыратын, жеке және/немесе заңды тұлғалардың бастамашылығы бойынша;
Тармақша 3
3) Уәкілетті органының шешімінің негізінде "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігінің бастамашылығы бойынша;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де жағдайларда жүргізіледі.
Басқа 62
БЕКІТІЛДІ: Ақтау қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 15 тамыздағы N 845 қаулысына 2-Қосымша "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру НҰСҚАУЛЫҒЫ
Тарау 1. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру Нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық): - Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң); -Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" (бұдан әрі - "Ақтау теңіз порты" АЭА) 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына; - "Ақтау теңіз порты" АЭА дирекциясы" мемлекеттік мекемесінің 04. 06. 2007 ж. Жарғысына; - Ақтау қаласы Әкімдігінің 04.08.2007 ж. Қаулысымен бекітілген, Сараптама кеңесі туралы Ережеге сәйкес әзірленді және "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру нұсқауын, "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушылары мен өзге де субъектілері ретінде заңды және жеке тұлғаларды тіркеуді, сондай-ақ қызметінің "Ақтау теңіз порты" АЭА" арнайы экономикалық аймағын құрудың мақсатына сәйкесті есебі мен бақылау жүргізуді айқындап белгілейді.
Тармақ 2
2. АЭА аймағын құру мақсатына сәйкес АЭА әкімшілігі, АЭА қатысушылары ретінде заңды тұлғаларға, сондай-ақ АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті қызметінің басқа да түрлерін жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы Нұсқау мынадай ұғымдар пайдаланылады: Уәкілетті орган - Ақтау қаласының әкімдігі. "Ақтау теңіз порты" АЭА - "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы "Ақтау теңіз порты" АЭА-ның кіші аймағы - "Ақтау теңіз порты" АЭА дамыту стратегиясына сәйкес жобаларды орналастыруға арналған, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағының шегінде орналасқан шартты географиялық аймақ. Өтініш беруші - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға рұқсат алуға талапкер заңды тұлға, жеке кәсіпкер, нерезидент. "Ақтау теңіз порты" АЭА әкімшілігі - АЭА "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жұмыс істейтін, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі - "Ақтау теңіз порты" дирекциясы" мемлекеттік мекемесі. Сараптау кеңесі - өтінімдерді қарауға және Өтініш берушінің "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысының немесе өзге де субъектілерінің критерийіне сәйкестігі туралы ұсыным беруге уәкілетті, қала әкімі жанындағы кеңес. "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушысы - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметінің басым түрлерін жүзеге асыратын және инвестициялық қызметін жүргізу туралы келісім жасасқан, заңды тұлға. Қызметінің басым түрлері - оған арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі - Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамалары мен өзге де заңдарына сәйкес жеңілдіктер беру таралатын, қызметінің түрлері. АЭА -тың өзге де субъектілері - басым түрлеріне жатпайтын, алайда АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуының мақсаттарына қол жеткізуге сәйкес келетін және инвестициялық қызметін жүргізу туралы келісім жасасқан заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және нерезиденттер. Оператор - компания - "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағына қатысушыларды тарту, оларды қызметінің басым түрлерін жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық ресурстармен және өзге де жағдайлармен тиімді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган айқындап белгілейтін, заңды тұлға. "Ақтау теңіз порты" АЭА Салық комитеті - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды салықтық әкімшілік ету бойынша функцияларды жүзеге асыратын орган. "Ақтау теңіз порты" АЭА Кедендік постысы - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға кедендік әкімшілік ету бойынша функцияларды жүзеге асыратын орган. Инвестициялық қызмет туралы келісім-шарт - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметінің басым және өзге де түрлерін жүзеге асыру мәселелері бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін, АЭА қатысушысының немесе өзге де субъектілерінің "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігімен арасында жасасқан, инвестициялық қызмет жүргізу туралы келісім. "Ақтау теңіз порты" АЭА субъектілерін тіркеу журналы - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында өз қызметін жүзеге асыратын, АЭА заңды тұлғалары мен өзге де субъектілері туралы сәйкестендіру, экономикалық, статистикалық және мәтіндік ақпарат қамтылған, сандық және сапалық көрсеткіштердің бірыңғай жүйесі.
Тарау 2. II. Қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаларға рұқсат беру
II. Қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаларға рұқсат беру
Тармақ 4
4. АЭА Қатысушысы мәртебесін алу Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық және кеден заңнамасына сәйкес салықтық және кедендік жеңілдіктер берілуі үшін қажет.
Тармақ 5
5. АЭА қатысушылары ретінде заңды тұлғаларға рұқсат беру, осы Нұсқаулықтың 1 қосымшасына сәйкес құжаттардың тізбесі табысталып, кезең-кезеңмен жүргізіледі.
Тармақ 6
6. АЭА Қатысушысы мәртебесін алуға талапкер заңды тұлға, АЭА Әкімшілігіне осы Нұсқаулықтың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімі мен осы Нұсқаулықтың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобаның паспортын береді.
Тармақ 7
7. Өтінім берілгеннен кейін АЭА Әкімшілігі оны өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді. Өтінімді тіркеу күні оның берілген күні болып табылады.
Тармақ 8
8. АЭА Әкімшілігі өтінімді, оның тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Тармақ 9
9. Жобаның "Ақтау теңіз порты" АЭА мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда, "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі, жобаға кейіннен сараптама жүргізу және Сараптама кеңесіне беру үшін қосымша ақпарат сұратады; сәйкес келмеген жағдайда - жобаны қарауға қабылдаудан бас тартады;
Тармақ 10
10. Өтініш берушінің "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушысының критерийіне сәйкес келген жағдайда, Сараптама кеңесі, "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігіне Сараптама кеңесі мүшелерінің Сараптама кеңесі отырысының хаттамасына қолы қойылған ұсынымын табыстайды; сәйкес келмеген жағдайда - ұсыным беруден бас тартады;
Тармақ 11
11. Табысталған жобаны қарау нәтижелері бойынша "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 12
12. АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру туралы "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігінің шешімі негізінде, заңды тұлға:
Тармақша 1
1) инвестициялық қызметі туралы келісім-шартын;
Тармақша 2
2) инфрақұрылым ресурстары бойынша оператор-Компаниямен шартын;
Тармақша 3
3) жер учаскесін жалдау шарын жасасады.
Тармақ 13
13. "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі:
Тармақша 1
1) "Ақтау теңіз порты" АЭА субъектілерін тіркеу журналына заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізеді;
Тармақша 2
2) осы Нұсқаудың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында инвестициялық қызметін жүзеге асыру құқығына Рұқсат береді.
Тармақ 14
14. Заңды тұлға заңнамаға сай:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның орналасқан жерін "Ақтау теңіз порты" АЭА мекен-жайы бойынша көрсете отырып, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді;
Тармақша 2
2) "Ақтау теңіз порты" АЭА -ның Салық комитетінде есепке қоюды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау Комитетінің Маңғыстау облыстық Кедендік бақылау департаментінің ақпараттық технологиялар бөлімінде қатысушының сыртқы экономикалық қызметінің (СЭҚ) карточкасын тіркеуді және алуды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. АЭА Қатысушысының Келісім-шартының қолданылу мерзімінің өтуі, сондай-ақ Келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзуы жағдайында, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында инвестициялық қызметін жүзеге асыру құқығына Рұқсаттың күші жойылады. "Ақтау теңіз порты" АЭА субъектілерін тіркеу Журналына тиісті өзгерістер енгізіледі.
Тарау 3. III. Қызметінің өзге де түрлерін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру
III. Қызметінің өзге де түрлерін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру
Тармақ 16
16. АЭА аумағында басымдық түрлерге жатпайтын, алайда АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуы мақсатына қол жеткізуге сәйкес келетін қызметінің өзге де түрлерін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік жеңілдіктер беру үшін қажет. Көрсетілген тұлғаларға рұқсат беру, осы Нұсқаулықтың 1- қосымшасына сәйкес, құжаттар тізбесі табысталып, кезең-кезеңмен жүргізіледі.
Тармақ 17
17. АЭА аумағында қызметінің өзге де түрлерін жүзеге асыруы үшін рұқсат алуға талаптанған АЭА өзге де субъектілері, АЭА Әкімшілігіне осы Нұсқаулықтың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімі мен осы Нұсқаудың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобаның паспортын береді.
Тармақ 18
18. Өтінім берілгеннен кейін АЭА Әкімшілігі, оны өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді. Өтінімді тіркеу күні оның берілген күні болып табылады.
Тармақ 19
19. АЭА Әкімшілігі өтінімді, оның тіркелген кезінен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Тармақ 20
20. Өтініш берушінің қызметі "Ақтау теңіз порты" АЭА мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда, "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі, жобаға кейіннен сараптама жүргізу және Сараптама кеңесіне беру үшін қосымша ақпарат сұратады; сәйкес келмеген жағдайда - жобаны қарауға қабылдаудан бас тартады;
Тармақ 21
21. Өтініш берушінің қызметі "Ақтау теңіз порты" АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуының мақсатына қол жеткізуге сәйкес келген жағдайда, Сараптама кеңесі, "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігіне Сараптама кеңесі мүшелерінің Сараптама кеңесі отырысының хаттамасына қолы қойылған ұсынымын табыстайды; сәйкес келмеген жағдайда - ұсыным беруден бас тартады;
Тармақ 22
22. Табысталған жобаны қарау нәтижелері бойынша, "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 23
23. АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру туралы "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігінің шешімі негізінде, АЭА өзге де субъектілері:
Тармақша 1
1) инвестициялық қызметі туралы келісім-шартын;
Тармақша 2
2) инфрақұрылым ресурстары бойынша оператор-Компаниямен шартын;
Тармақша 3
3) жер учаскесін жалдау шартын жасасады.
Тармақ 24
24. "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі:
Тармақша 1
1) "Ақтау теңіз порты" АЭА субъектілерін тіркеу Журналына заңды тұлға, жеке кәсіпкер және нерезидент туралы мәліметтер енгізеді;
Тармақша 2
2) осы Нұсқаулықтың 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында инвестициялық қызметін жүзеге асыру құқығына Куәлігін береді.
Тармақ 25
25. АЭА -тың өзге де субъектілері заңнамаға сай:
Тармақша 1
1) орналасқан жерін "Ақтау теңіз порты" АЭА -ның мекен-жайы бойынша көрсете отырып құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау Комитетінің Маңғыстау облыстық Кедендік бақылау департаментінің ақпараттық технологиялар бөлімінде қатысушының сыртқы экономикалық қызметінің (СЭҚ) карточкасын тіркеуді және алуды жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. АЭА-ның өзге де субъектілерінің Келісім-шартының қолданылу мерзімінің өтуі, сондай-ақ Келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзуы жағдайында, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында инвестициялық қызметін жүзеге асыру құқығына Куәлігінің күші жойылады. "Ақтау теңіз порты" АЭА субъектілерін тіркеу Журналына тиісті өзгерістер енгізіледі.
Тарау 4. IV. Қорытынды ережелер
IV. Қорытынды ережелер 27.Өтініш беруші, АЭА аумағында қызметінің басым, сондай-ақ өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат беруден бас тартылуына келіспеген жағдайда, заңнамамен белгіленген тәртіппен АЭА Әкімшілігінің іс-әрекетіне шағымдануға құқылы.
Тармақ 28
28. Өтініш беруші мен АЭА Әкімшілігі арасындағы даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тармақ 29
29. АЭА қатысушыларының құқықтарына кепілдік беру, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қамтамасыз етіледі.
Басқа 110
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру Нұсқаулығына 1-қосымша "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруге арналған құжаттардың Тізбесі I - кезең, бастапқы іріктеу: - инвестициялық жобаны қарауға өтінім ( белгіленген N 1 нысан бойынша); - инвестициялық жобаның паспорты (белгіленген N 2 нысан бойынша); П - кезең, сараптамалық талдау: - жер учаскесін резервке ұстауға өтінім (белгіленген N 3 нысан бойынша); - кәсіпорын басшысы туралы қысқаша анықтама; - өтініш беруші-кәсіпорынның соңғы жылдағы есеп-шоты бойынша орташа айлық айналымы көрсетілген (картотека және ссудалық берешектері бойынша мәліметтері) қаржылық жай-күйі туралы қызмет көрсетуші банктің анықтамасы; - салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болуы/болмауы туралы салық комитетінің анықтамасы; - жобаны қаржыландыру үшін қажетті, бастамашы- кәсіпорынның қаржылық қабілеті мен несие қаражатын алуға мүмкіндігі және/немесе басқа да қаржы көздері туралы куәландыратын, құжаты; - инвестициялық жобаның Бизнес-жоспары; - негізгі және көмекші цехтар мен орын-жайларды орналастырудың схема-жоспары; - цехтарда жабдықтарды орналастырудың схема-жоспары; - энергия тасымалдағышына, суға, буға және басқаларына қажеттілігі; - темір жолға қажеттілігі; -өнеркәсіптік сарқынды судың болуы, зиянды заттардың сарқынды суда шоғырлануы; - атмосфераға өнеркәсіптік шығарындының болуы, шығарындылардың және олардың шоғырлануының сипаттамасы. Ш - кезеңі, шарттар жасасу: - "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушысының Жарғысы мен Құрылтай шарты (нотариалдық куәландырылған); - Уәкілетті органдардың қаржылық және өзге де құжаттарға қол қою құқығымен бірінші басшысын және бас бухгалтерін тағайындау туралы шешімі; - бірінші басшының және бас бухгалтердің жеке куәліктерінің көшірмелері; - жер учаскесін жалдауға өтінімі.
Басқа 111
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру Нұсқаулығына 2-қосымша Ұйымның баланкісіне N__________ "____" ____________200____ ж. "Ақтау теңіз порты" АЭА дирекциясы" ММ директоры _____________________ Сізден "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында орналастыру үшін "Жобаның атауы" инвестициялық жобасын қарауға қабылдауыңызды сұраймын. Инвестициялық жобаның паспорты қоса беріліп отыр. Басшы қолы
Басқа 112
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру Нұсқаулығына 3-қосымша Инвестициялық жобаның паспорты
Тармақ 1
1. ЖОБА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ 1.1 Жобаның атауы:
Тармақ 1.2
1.2. Жоба бастамашысының атауы
Тармақ 1.3
1.3. Жобаның сипаттамасы
Тармақ 1.4
1.4. Жобаның жалпы құны (млн. $), Инвестицияны қаржыландырудың көздері мен көлемін көрсету: - негізгі капиталға - айналым капиталына
Тармақ 1.5
1.5. ОКЭД сәйкес қызметінің түрі: код нөмірі, қызмет түрінің атауы
Тармақ 2
2. ЖОБАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Тармақ 2.1
2.1 өндіріс құрылыстарын салуға қажетті жер учаскесінің көлемі, га
Тармақ 2.2
2.2. пайдаланылатын технологиялар (сипаты, ерекшелігі, айырмашылығы)
Тармақ 2.3
2.3. қызметкерлердің орташатізімдік саны: - зауыт құрылысын салу кезеңінде - зауыттың жұмыс істеуі кезеңінде; оның ішінде басқару құрамы мен өндірістік қызметші құрамының арақатынасы
Тармақ 2.4
2.4 Жобаның негізгі техникалық шешімдерінің патенттік қорғалуы
Тармақ 2.5
2.5. Лицензиялау (талап етіледі/ талап етілмейді) - өнімдері - қызметінің түрлері
Тармақ 2.6
2.6. Сертификаттау ( сертификатының болуын, сертификатқа қажеттілігін көрсету): - өнімдері - өндіріс технологиясы - халықаралық стандарттары
Тармақ 2.7
2.7. Өндірістік өнімдері мен технологияларының жаңасы ( бәсекеге қабілеттілігі)
Тармақ 2.8
2.8. Жобаны іске асыруды бастаудың жорамалданған күні ( жылы және айы)
Тармақ 2.9
2.9. Жобаны іске асырудың жұмыс кестесі
Тармақ 3
3. ШЫҒАРУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӨНІМ:
Тармақ 3.1
3.1. Шығарылатын өнімдердің негізгі түрлері: - бұйымдардың номенклатурасы - бұйымдардың сипаттамасы
Тармақ 3.2
3.2. Бастапқы материалдар: - пайдаланылатын шикізат пен шала өнімдер - жорамалданған жеткізушілер
Тармақ 3.3
3.3. Маркетингтік ақпарат: - тұтыну саласы - дайын өнімдерді сатып өткізу рыногы - өнімдердің қандай бөлігі экспортталады, % - бәсекелестер туралы мәліметтер ( таяу өңірлердегі, әлемдегі осы тектес өндірістерді санамалап көрсету)
Тармақ 4
4. ЖОБА БАСТАМАШЫСЫ -КӘСІПОРНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Тармақ 4.1
4.1. Кәсіпорынның толық және қысқартылған атауы:
Тармақ 4.2
4.2. Мекен-жайы: - заңды - пошталық - электрондық
Тармақ 4.3
4.3. Меншік нысаны.
Тармақ 4.4
4.4. Кәсіпорынның жарғылық капиталы: кәсіпорын акционерлерінің немесе қатысушыларының құрамы
Тармақ 4.5
4.5. Кәсіпорынның рыноктардағы қысқаша тарихы, рыноктағы жұмыс тәрбиесі: - ішкі - сыртқы
Тармақ 4.6
4.6. Құрылған жылы:
Тармақ 4.7
4.7. Кәсіпорын басшысы (ТАӘ толық, телефоны);
Тармақ 4.8
4.8. Жобаның басшысы (ТАӘ толық, телефоны);
Тармақ 4.9
4.9. Байланыстағы адам (ТАӘ толық, телефоны);
Басқа 142. РҰҚСАТ
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру Нұсқаулығына 4-қосымша _________________________________ (тіркеу нөмірі) "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" Мемлекеттік мекемесі РҰҚСАТ Заңды тұлғаның атауы: _________________________________________ ________________________________________________________________ "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында инвестициялық жобасын (жобаның атауы) жүзеге асыруға құқық беріледі. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" Мемлекеттік мекемесінің директоры Т.А.Ә. Рұқсат берілген күні