Еңбекшіқазақ ауданының елді-мекендерінің шекарасын кеңейту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбекшіқазақ ауданының елді-мекендерінің шекарасын кеңейту туралы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2008 жылғы 10-шілдедегі N 7-2/900 хатының негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылшаруашылығы мақсатындағы көлемі 9649,38 га жер телімі елді-мекендер категориясының жерлеріне көшірілсін. Есік қалалық аумағы - 1300,0 га; Бөлек ауылдық аумағы - 226,0 га; Көктөбе ауылдық аумағы - 266,06 га; Түрген ауылдық аумағы - 303,44 га; Қаракемер ауылдық аумағы - 215,0 га; Маловодный ауылдық аумағы - 486,66 га; Ақши ауылдық аумағы - 301,0 га; Балтабай ауылдық аумағы - 1557,63 га; Қырбалтабай ауылдық аумағы - 256,0 га; Ташкенсаз ауылдық аумағы - 331,88 га; Саймасай ауылдық аумағы - 474,8 га; Ават ауылдық аумағы - 140,0 га; Жанашар ауылдық аумағы - 305,0 га; Бәйтерек ауылдық аумағы - 588,7 га; Рахат ауылдық аумағы - 407,23 га; Шелек ауылдық аумағы - 179,4 га; Асы ауылдық аумағы - 385,56 га; Қаражота ауылдық аумағы - 308,1 га; Қазақстан ауылдық аумағы - 107,18 га; Масақ ауылдық аумағы - 157,0 га; Тескенсу ауылдық аумағы - 153,2 га; Нұра ауылдық аумағы - 159,0 га; Қаратұрық ауылдық аумағы - 507,28 га; Қорам ауылдық аумағы - 151,75 га; Октябрь ауылдық аумағы - 381,51 га.
Тармақ 2
2. Картографиялық материалдарға келістіріп жоғарыда көрсетілген ауылдық аумақтардың шекарасы 9649,38 га кеңейтілсін.
Тармақ 3
3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық бөлім тіркеу құжаттарына өзгеріс енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.