О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.01.2009 N 45 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
Тармақша 2
2) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысында : көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: V "Қаржы активтерімен жасалатын операцияда бойынша сальдо" бөлімінде: 13 "Басқалар" функционалдық тобында: 09 "Басқалар" ішкі функциясында: 220 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" әкімшісі бойынша: "2 095 000" деген сандар "4 095 000" деген сандармен ауыстырылсын; 016 "Самрұқ" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" бағдарламасында: "2 095 000" деген сандар "4 095 000" деген сандармен ауыстырылсын; 225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" әкімшісі бойынша: "7 672 436" деген сандар "1 000 000" деген сандармен ауыстырылсын; "057 "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" 7 672 436" бағдарламасы алынып тасталсын; "081 "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру" 1000 000" бағдарламасымен толықтырылсын; "011 "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі республикалық орталығы" АҚ-ның капиталын ұлғайту" 2 099 562" бағдарламасынан кейін: мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен және бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "603 "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі" 4 672 436 014 "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру" 4 672 436";
Тармақша 3
3) "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысында : 1-тармақта: 18) тармақшада: "259" деген сандар алынып тасталсын; "262-2" деген сандардан кейін ", 262-3" деген сандармен толықтырылсын; 29) тармақшада "375" деген сандардан кейін ", 375-1" деген сандармен толықтырылсын; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 259-қосымша алынып тасталсын; осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 262-3-қосымшамен толықтырылсын; Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бойынша: осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 375-1-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қазандағы N 911 қаулысына 1-қосымша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2007 жы­л­ғы 12 жел­тоқ­сан­да­ғы N 1224 қа­улы­сы­на 262-3-ҚО­СЫМ­ША 225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2008 жылға арналған "Парасат" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру" деген 081 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
Тармақ 1
1. Құны: 1000000 мың теңге (бір миллиард теңге).
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 9 шілдедегі "Ғылым туралы" заң; Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 348 "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы; 2007 жылғы 28 ақпандағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Жолдауы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1057 "Ғылым қоры" акционерлік қоғамын құру туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 758 "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған (I кезең) іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысы.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы үшін төмендегідей жолдармен жағдайлар жасау: елімізде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың дамуына көмек көрсету. Жеке және кәсіпкерлік секторлардың ғылым дамуына қатысуын ынталандыру, соның ішінде ғылыми-зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын бірлесіп қаржыландыру жолымен жағдайлар жасау.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша жобаларды қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды, соның ішінде ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған жобаларды таңдау, талдау, сараптау, мониторингілеу және өзге де іс-шараларын жүзеге асыру.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: N Р/ с Бағ­дар- ла­ма ко­ды Кі­ші бағ­дар- ла­ма ко­ды Бағ­дар­ла- ма­ның (кі­ші бағ­дар­ла- ма­ның) ата­уы Бағ­дар­ла­ма­ны іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар Іс­ке асы- ру мер- зі мі Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­лар 1 2 3 4 5 6 7 1 081 "Па­ра­сат" АҚ-ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын қа­лып­тас- ты­ру Ғы­лы­ми-зерт­те­улер және тә­жі­ри­бе­лік- кон­струк­тор­лық жұ­мыстар­дың да­муы­на кө­мек көр­се­ту мақ­са­тын­да, со­ның ішін­де ғы­лы­ми-зерт- те­улер және тә­жі­ри­бе­лік- кон­струк­тор­лық жұ­мыстар бой­ын­ша жо­ба­лар­ды қар­жы­лан- ды­ру жо­лы­мен "Ғы­лым қо­ры" АҚ ен­ші­лес ұй­ы­мы­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын то­лық­ты­ру үшін "Па­ра­сат" Ұлт­тық ғы­лы­ми-тех­но- ло­ги­я­лық хол­дин­гі" АҚ жар­ғы­лық ка­пи­та­лын қа­лып­та­сты­ру Жыл бойы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка- сы­ның Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі, "Па­ра­сат" Ұлт­тық ғы­лы­ми тех­но­ло­ги­я­лық хол­дин­гі" АҚ
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: "Парасат" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру арқылы "Ғылым қоры" АҚ жарғылық капиталын толықтыру. Соңғы нәтиже: ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдайтын кешенді жүйелер құру; ғылыми-техникалық өнімдер және қызмет көрсету нарығын капиталдандыруды арттыру; 2012 жылға тәжірибелі ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша 5 перспективалық жобаны өндіру. Сапасы: - "Парасат" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ құрамына кірген компаниялардың қызметінің тиімділігін арттыру; - елімізде ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ету.
Басқа 2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 3 қа­зан­да­ғы N 911 қа­улы­сы­на 2-қо­сым­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2007 жы­л­ғы 12 жел­тоқ­сан­да­ғы N 1224 қа­улы­сы­на 375-1 қо­сым­ша 603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2008 жылға арналған 014 "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру" деген республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
Тармақ 1
1. Құны: 4 672 436 мың теңге (терт миллиард алты жүз жетпіс екі миллион төрт жүз отыз алты мың теңге).
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1155-1 қаулысы; "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі, "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі, "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысы.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы үшін төмендегідей жолдармен жағдайлар жасау: еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұлттық масштабтың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және барлық азаматтарға, олардың әлеуметтік жағдайына, жасына және ақпаратқа бейімділігіне, ақпараттық-коммуникациялық-қызмет көрсетуіне қарамастан тең пайдалануына мүмкіндік беру.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының барлық аймақтарын қамтитын, облыстық және аудандық орталықтарын есепке ала отырып, сондай-ақ облыс қарамағындағы қалаларда ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымдар құру.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: N Бағ- дар- ла­ма ко­ды Кі­ші бағ- дар- ла­ма ко­ды Кі­ші бағ­дар­ла­ма- лар­дың ата­уы Бағ­дар­ла­ма­ны іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар Іс­ке асы­ру мер­зі- мі Жа­у­ап­ты орын­дау- шы­лар 1 2 3 4 5 6 7 1 014 "Зер­де" ұлт­тық ин­фо­ком­му- ни­ка­ция хол­дин­гі" АҚ-ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын қа­лып­та­сты­ру Ұлт­тық мас­шта­б­тың ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ция- лық ин­фра­құ­ры­лы­мын қа­лып­та­сты­ру мақ­са­тын­да "Kazsatnet" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы" АҚ ен­ші­лес ұй­ы­мы­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын то­лық­ты­ру үшін "Зер­де" ұлт­тық ин­фо­ком­му­ни­ка­ция хол­дин­гі" АҚ-ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын қа­лып­та­сты­ру. Жыл бойы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли- ка­сы Ақ­па­рат- тан­ды­ру және бай­ла­ныс агент­ті­гі Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыру арқылы "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ жарғылық капиталын толықтыру; Қазақстан Республикасы аумағының мемлекеттік органдарында спутниктік мультисервистік желіні пайдалануды ұйымдастыру және енгізу. Соңғы нәтиже: Аумақтық бөлімшелерімен бірге орталық атқару органдардың ақпараттық жүйелердің біріктіруі. Орталық атқару органдардың және олардың аумақтық бөлімшелері арасында ведомствоаралық электрондық құжат айналымының іс-қимылы. Қаржылық—экономикалық нәтиже: Деректерді өңдеудің бірыңғай орталығы жабдық және персонал бойынша нығаюға тиімді болады. Мемлекеттік органдар үшін жабдықтарды сатып алу және аппараттық-бағдарламалық құралдарды сүйемелдеу қаражатты үнемдейді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар өзінің жеке меншік серверлік үй-жайларын құруға шығынданбайды. Уақыттылығы: өндірістік жоспарға сәйкес іс-шаралардың орындалуы. Сапасы: "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ құрамына кірген компаниялардың қызметінің тиімділігін арттыру; е-үкіметі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті телекоммуникациялық ресурстарда мұқтаждықтарды қамтамасыз ету.