О социальной помощи молодежи из числа студентов для частичного возмещения расходов, связанных с получением высшего образования Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғарғы білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студент қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жоғарғы білім алуына байланысты, облыс және аудан нарығында ерекше талап етілетін мамандықтар бойынша, жастар ішіндегі азаматтарға, оның ішінде: жетім балаларға, ата-аналык қамқорынсыз қалған балаларға, көп балалы, толық емес отбасыларынан және әлеуметтік көмекті қажет ететіндерге шығындарды ішінара өтеу үшін ағымдағы оқу жылының оқу кұнының 50 пайыз көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Қ. Есенбаева):
Тармақша 1
1) жоғарғы білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студент қатарындағы жастарға бір жолғы әлеуметтік көмекті оқуға төлемнің мөлшері жөніндегі оқу орынының анықтамасы негізінде төлесін;
Тармақша 2
2) ақшалай қаражаттардың уақытылы және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші рет жарияланған сәттен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.