Об утверждении стандартов оказания государственных услуг государственным учреждением «Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза» Қолданыста
Басқа 0
"Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 2- тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Занының 9-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 Қаулысының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгілік стандартын бекіту туралы» № 558 Қаулысының 2 тармағын орындауда, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Екібастүз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің стандарттары қаулының 1,2,3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.М. Күлжанға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.