О начале разбирательства в отношении импорта материалов кровельных и облицовочных в рулонах из асфальта или аналогичных материалов Қолданыста
Басқа 0
Асфальттан немесе соған ұқсас материалдардан жасалған орамдардағы жабын және қаптама материалдарының импортына қатысты істі қарауды бастау туралы
"Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті:
Тармақша 1
1) ҚР СЭҚ ТН 6807101000 кодымен жіктелетін асфальттан немесе соған ұқсас материалдардан (мысалы, мұнай битумынан немесе тас көмір піспесінен) жасалған орамдардағы жабын және қаптама материалдарының импортына қатысты істі қарауды бастасын;
Тармақша 2
2) істі қарау рәсімі аяқталғанға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен ҚР СЭҚ ТН 6807101000 кодымен жіктелетін асфальттан немесе соған ұқсас материалдардан (мысалы, мұнай битумынан немесе тас көмір піспесінен) жасалған орамдардағы жабын және қаптама материалдарының импортын лицензиялауды жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, он күн мерзімде белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетін және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Комитетін істі қараудың басталғандығы туралы хабардар етсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.