О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңына және қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының № 37 «2008 жылғы қала бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркеу нөмірі 8-5-47, 2007 жылғы 29 желтоқсанда №52 «Қазыналы өңір» газетінде жарияланған) шешіміне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарттар Күніне бip жолғы материалдық көмек керсету мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова
Н.Н.) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік
бағдарламасының әкімгері болып анықталсын.
Тармақ 3
3. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік
бағдарламасының әкімгерінің бip жолғы материалдық көмекті 2000 теңге
көлемінде төленсін деген ұсынысы мақұлдансын.
Тармақ 4
4. Бip жолғы материалдық көмекті тағайындау қалалық бюджет есебінен зейнетақы төлеу жөніндігі мемлекеттік орталығының тізімдеріне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) біржолғы материалдық көмекті тағайындайды және бюджетте қаралған тиісті көлемдегі төлемдерді алушылардың өздері таңдаған
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктегі немесе ұйымдағы жеке есепшотына аударады.
Тармақ 6
6. Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы №19
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы.» (2007 жылғы 20 қарашадағы Қаражал қаласының әділет басқармасында тіркеу нөмipi 8-5-
45, 2007 жылғы 20 қарашада №47 «Қазыналы өңір» газетінде жарияланған)
шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.