Ақшолақ ауылындағы жаңа көшеге ат беру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақшолақ ауылындағы жаңа көшеге ат беру туралы Ақшолақ ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Ақшолақ аулындағы жаңа көшеге Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Сапарбаев Тұрғынбектің есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Жаңатұрмыс ауылдық округі Әкімі аппаратының іс-жүргізуші бас маманы Қ. Шалбаевқа жүктеймін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.