Қарабау ауылы округінің Сынтас ауылының шекарасына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Қарабау ауылы округінің Сынтас ауылының шекарасына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 4 тармағына және 31 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабау ауылы округі әкімінің ұсынысын ескере отырып, Қарабау ауылы округінің Сынтас ауылының 142,0 гектар жеріне, қосымша 13,7 гектар жайылым жер қосылып, жалпы аумағы 155,7 гектар жерге ұлғайтылып ауылдың шекарасына өзгеріс енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы аудандық мәслихаттың және аудан әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.