Қазығұрт ауылы округінің Қазығұрт ауылының шекарасына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазығұрт ауылы округінің Қазығұрт ауылының шекарасына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 4 тармағына және 31 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазығұрт ауылы округі әкімінің ұсынысын ескере отырып, Қазығұрт ауылының 1150,0 гектар жеріне, қосымша Қазығұрт ауылы әкімі есебіндегі жерлерден барлығы 110,0 гектар, оның ішінде 70,0 гектар телімі егістік, 40,0 гектар жайылым жерлер қосылып, жалпы аумағы 1260,0 гектарға ұлғайтылып ауылдың шекарасына өзгеріс енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы аудандық мәслихаттың және аудан әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.