Об определении лицензиара по выдаче лицензии на изготовление Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан и уполномоченного органа на выдачу разрешений второй категории в сфере технического регулирования и метрологии Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауға лицензия беру жөніндегі лицензиар мен техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды белгілеу туралы
Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
Тармақ 2
2.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1598 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 12 қаулысына
қосымша
Техникалық реттеу және метрология саласындағы
екінші санаттағы рұқсаттар
Р/с№
Рұқсат беру рәсімінің атауы
Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы
1
2
3
3-сынып – «біржолғы рұқсаттар»
1.
Метрологиялық бақылау саласындағы өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау
Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау туралы куәлік
2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу
Тіркеу нөмірлерімен өлшемдерді орындау әдістемесінің мұқаба парақтарындағы мөртабан таңбасы
3.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін тіркеу
Тіркеу нөмірі
5-сынып – «жеке тұлғаларға кәсіптік қызмет үшін берілетін рұқсаттар»
4
Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру
Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестаты
4-1
1
2
3
елді анықтау, аккредиттеу бойынша)
6-сынып – «өнімге берілетін рұқсаттар»
5.
Өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы сертификат беру
Өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы сертификат
6.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат
7.
8.
Өлшем құралдарының үлгісін бекітуді тану туралы сертификат беру
Өлшем құралдарының үлгісін бекітуді тану туралы сертификат
9.
Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету
Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға куәлік беру
10.
Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту
Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту туралы сертификат