Ақдала ауылдық округіне қарасты Ақдала, Тақыркөл, Ақын-Жақып, Тоғайлы ауылдарының шегін өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақдала ауылдық округіне қарасты Ақдала, Тақыркөл, Ақын-Жақып, Тоғайлы ауылдарының шегін өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Жер кодексiнiң" 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Арыс қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақдала ауылдық округiне қарасты Ақдала, Тақыркөл, Ақын-Жақып, Тоғайлы ауылдармен шектесiп жатқан жайылымдық жерлерден Ақдала ауылына 100 га, Тақыркөл ауылына 100 га, Ақын-Жақып ауылына 30 га, Тоғайлы ауылына 150 га жер телiмi қосылып, ауылдардың шегi өзгертiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiм және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.