Об утверждении Правил о порядке и условиях выдачи лицензий на виды деятельности в сфере промышленности и Правил о порядке оформления лицензий на сбор (заготовку), хранение, переработку и реализацию лома и отходов цветных и черных металлов, а также оформления разрешений на реализацию за пределы Республики Казахстан лома и отходов цветных и черных металлов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлеріне арналған лицензияларды берудің тәртібі мен шарттары туралы, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сатуға арналған лицензияларды, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тысқары сатуға арналған ережелерді бекіту туралы 📌 Ескерту. Қолданылуы жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен. Лицензиялау және рұқсат ету жүйесі жөніндегі қызметтерді қолданылып жүрген заңдарға сәйкестендіру мақсатында: Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қосымшадағы: Өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлеріне арналған лицензияларды берудің тәртібі мен шарттары туралы ережелер. Түсті және қара маталдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сатуға арналған лицензияларды, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тысқары сатуға арналған ережелер бекітілсін.
Тармақ 2. Өнеркәсiп саласындағы қызмет түрлерiне арналған лицензиялар берудiң тәртiбi мен шарттары
2. Экспорттық бақылау және лицензиялау департаменті (Тұяқов Ж.Ш.) Өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлеріне арналған лицензиялар берудің тәртібі мен шарттары туралы ережелерді және Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сатуға арналған лицензияларды, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тысқары сатуға арналған ережелерді белгіленген тәртіппен тіркеу үшін Әділет министрлігіне бағыттасын. Өнеркәсiп саласындағы қызмет түрлерiне арналған лицензиялар берудiң тәртiбi мен шарттары
Тармақ 1
1. Қызмет түрлерiне арналған лицензиялар берудің тәртiбi мен шарттары туралы осы Ережелер (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 283 заңына , "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1997 жылғы 9 қаңтардағы N 25 қаулысына , "Өнеркәсiп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулысына сәйкес әзiрленген. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi мен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнің құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiн қоспағанда Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінің құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiне лицензиялар берудің тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Тарау 2. 2. Лицензиялаудың субъектiлерi
2. Лицензиялаудың субъектiлерi
Тармақ 2
2. Лицензиялау жүйесiнің субъектiлерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Лицензиар);
Тармақша 2
2) меншiк түрiне және ұйымдық-құқықтық нысанына, тiркелген жерiне қарамастан Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары, шетелдiк заңды тұлғалар (бұдан әрi - Лицензиат).
Тармақ 3
3. Берiлген Лицензия Лицензиаттың қызметтің лицензияланатын түрiнің құрамына кiретiн жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүзеге асыру құқығын заңды түрде бекiтедi.
Тарау 3. 3. Лицензиялауға қатысатын тараптардың мiндеттерi
3. Лицензиялауға қатысатын тараптардың мiндеттерi
Тармақ 4
4. Лицензиар:
Тармақша 1
1) нормативтiк құқықтық актiлердің, басшылық нұсқаулардың, нормативтiк-техникалық, әдiстемелiк құжаттардың жобаларын және қызметтің лицензияланатын түрлерiне арналған бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеуге;
Тармақша 2
2) өтiнiш берушілердің бiлiктiлiк деңгейінің сараптық бағалауын жүргiзу үшiн ұйымдарды айқындауға;
Тармақша 3
3) лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қабылдауға;
Тармақша 4
4) Лицензиаттардың тiзiмiн жүргiзуге;
Тармақша 5
5) Лицензиаттармен ақпараттық-әдiстемелiк жұмыс жүргiзуге, Лицензиатты лицензия берудің шарттары өзгергенi туралы белгiленген тәртiппен хабардар етуге;
Тармақша 6
6) лицензиялық iстердің архивiн жауапты сақтауды жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) өтiнiш берушi мен Лицензиат туралы лицензиялау процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Лицензиат:
Тармақша 1
1) бiлiктiлiк талаптары параметрлерiнің белгiленген тәртiппен бекiтiлген қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) кәсiпорында сапаны, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасын, метрологияны басқару жүйесiн құру және оны дамытуды қамтамасыз ететiн қызметтердi қалыптастыруға;
Тармақша 3
3) біліктілiк деңгейінің сараптық бағалауын жүргiзу үшiн жағдайлар жасауға;
Тармақша 4
4) лицензиялық шарттарды сақтауға;
Тармақша 5
5) Лицензиарға лицензиялық шарттардың орындалуы туралы жыл сайын белгiленген тәртiппен есеп беруге;
Тармақша 6
6) Лицензиарға лицензиялық шарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға кедергi болмауға;
Тармақша 7
7) Лицензиарды құқықтық мәртебеде болған өзгерiстер туралы хабардар етуге мiндетті.
Тарау 4. 4. Бiлiктiлiк талаптары
4. Бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 6
6. Бiлiктiлiк талаптарына өндiрiстiк және техникалық базаның сипаттамалары, баланстағы және жалға алынған үйлер, құрылғылар, машиналар, механизмдер, жабдықтар, дайын өнiмдi, жарылу, өртену қаупi бар күштi әсер ететiн улы заттар мен өртке қарсы материалдарды сақтауға арналған Қоймалар, үй-жайлар мен сыйымдылықтар, техникалық-экономикалық көрсеткіштер, экологиялық, санитарлық және тау-кен қадағалау органдарының қорытындылары, нұсқаулар, жұмыс регламентi, қоршаған ортаның, азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгi, тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің және т.б. сапасының кепiлдiгi және олардың қызметтiң лицензияланатын түрлерiне сәйкестiгi, сондай-ақ жоғары және орта бiлiмi (куәлiк, бiлiктiлiк алу туралы диплом), бар персоналдың болуы, практикалық қызметтi растайтын: (жеке тұлғалар үшiн: сертификаттар, куәлiктер, аттестаттар, қорытындылар, актiлер, оның iшiнде қызметтiң лицензияланатын түрлерiмен тiкелей айналысатын басшылар мен персоналдың бiлiктiлiк деңгейi кiредi.
Тармақ 7
7. Қызметтің лицензияланатын түрiнің талаптарына жауап беретiн бiлiктiлiк деңгейi:
Тармақша 1
1) өнiмнің, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн;
Тармақша 2
2) технологиялардың, өндiрiстiк процестер мен жабдықтардың техникалық жобаларға сәйкестiгiн, технологиялардың сақталуын қамтамасыз етудi;
Тармақша 3
3) өндiрiстiң қауiпсiз жағдайын және еңбектi қорғауды ұйымдастыруды;
Тармақша 4
4) Лицензиаттың шаруашылық қызметiнің қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңды түрде белгiленген талаптарына сәйкестiгiн;
Тармақша 5
5) Лицензиаттың кәсіпорнында өнiм сапасын бақылау, еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк техникасы, метрология жөнiндегi бөлiмшелердің болуы мен оның қызметiн дәлелдейдi.
Тарау 5. 5. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
5. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
Тармақ 8
8. Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия бiлiктiлiк деңгейi қызметтің осы түрi үшiн қойылатын талаптарға сәйкес келетiн субъектiге берiледi. Лицензиаттың бiлiктiлiк деңгейге сәйкестiгiн Лицензиардың айқындауы, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген заңды, жеке тұлғалар (сарапшы-аудиторлар) өткiзетiн дербес сараптамалық бағалау негiзiнде айқындалуы мүмкiн.
Тармақ 9
9. Лицензия алу үшiн өтiнiш берушi және/немесе Лицензиат Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне:
Тармақша 1
1) белгiленген үлгідегi өтiнiштi; Лицензиаттың қызметтiң қажетті түрi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
Тармақша 2
2) Лицензиялық алымды төлегендiгiн растайтын құжаттарды;
Тармақша 3
3) заңды тұлғалар үшiн Жарғының көшiрмесi мен мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi ұсынады.
Тармақ 10
10. Лицензиар шаруашылық жүргiзушi субъектiнің лицензия алуға берiлген өтiнiшi Министрлiктiң Кеңсесiнде ол берiлген сәтте мiндетті түрде тiркейдi және барлық қажеттi құжаттар болғанда бiр ай iшiнде, ал шағын кәсіпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн ішінде қаралады.
Тармақ 11
11. Лицензиялық алымның мөлшерi мен оны төлеудің тәртiбiн Қазақстан Республикасының салық заңдары айқындайды.
Тармақ 12
12. Қызметтiң әр жеке түрiне жеке лицензия ресiмделедi. Лицензияның қызметтің лицензияланатын түрінің құрамына кiретiн жұмыстар мен қызмет көрсетулер түрлерiнің тiзбесi бар қосымшасы болуға тиiс.
Тармақ 13
13. Лицензия иелiктен шығарылмайды, басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге жол берiлмейдi.
Тармақ 14
14. Лицензия бiр данада ресiмделедi және Лицензиатқа қол қойылып не сенiмхатпен берiледi.
Тармақ 15
15. Лицензия жоғалған (жойылған) кезде дубликат берiледi.
Тармақ 16
16. Лицензия иесiнің Лицензиарды хабардар етiп лицензиядан бас тартуға құқығы бар.
Тарау 6. 6. Тараптардың жауапкершілігi
6. Тараптардың жауапкершілігi
Тармақ 17
17. Лицензиар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес:
Тармақша 1
1) Лицензиаттың құқықтарын бұзғаны;
Тармақша 2
2) Лицензиаттан алынған құпия ақпаратты жариялағаны;
Тармақша 3
3) Мемлекеттiк лицензияны берудің мерзiмiн кешеуiлдеткенi үшiн жауапты.
Тармақ 18
18. Лицензиат:
Тармақша 1
1) лицензиялық шарттарды бұзғаны;
Тармақша 2
2) ұсынылған ақпараттың шындығы, толықтығы және уақыттылығы;
Тармақша 3
3) қызметпен тиiстi лицензиясыз айналысу (лицензиялық тәртiп белгiленген қызметтi жүзеге асырудан алынған кiрiс заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi бюджетке алынуға жатады);
Тармақша 4
4) лицензия мен оған қосымшалардың сақталуы үшiн қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкте болады.
Тарау 7. 7. Лицензия беруден бас тарту
7. Лицензия беруден бас тарту
Тармақ 19
19. Егер:
Тармақша 1
1) субъектiлердің (өтiнiш берушiлердің) осы санаты үшiн белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыруға заң актiлерiмен тыйым салынса;
Тармақша 2
2) осы ережелердің 5-тарауына және Өнеркәсiп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын бекiтiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмесе. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiніштi қараудың мерзiмi құжаттар толық мөлшерде табыс етiлген уақыттан бастап саналады.
Тармақша 4
4) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмесе;
Тармақша 5
5) өтiнiш берушi осы Ережелердің 4-тарауына сәйкес бiлiктiлiк талаптарына жауап бермесе;
Тармақша 6
6) өтiнiш берушi қатысында оған қызметтiң қажеттi түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса лицензия берiлмейдi.
Тармақ 20
20. Лицензия беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелденген жауап қайтарылады.
Тармақ 21
21. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз болып көрiнсе, ол бiр ай мерзiмде бұл әрекеттерге сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы.
Тарау 8. 8. Лицензияны қолданудың тоқтатылуы
8. Лицензияны қолданудың тоқтатылуы
Тармақ 22
22. Лицензияның қолданылуы тек мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) лицензия берiлген мерзiм өткеннен кейiн;
Тармақша 2
2) лицензия берiлген iс-әрекеттер жасалып, толық көлемiнде жүзеге асырылғанда;
Тармақша 3
3) лицензия қайтарып алынғанда;
Тармақша 4
4) лицензия берiлген азаматтың кәсіпкерлiк қызметi доғарылғанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда тоқтатылады.
Тармақ 23
23. Лицензияны қолданудың тоқтатылуына байланысты даулар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешiледi.
Тарау 9. 9. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату
9. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату
Тармақ 24
24. Лицензия мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаса;
Тармақша 2
2) лицензия алған қызмет түрiмен Лицензиаттың айналысуына сот тыйым салса;
Тармақша 3
3) Лицензиар лицензияның қолданылуын кідiртіп қойған себептер жойылмаса қайтарып алуы мүмкiн.
Тармақ 25
25. Лицензиар кiдiрте тұрудың себебiн көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 26
26. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сотқа беру жолымен шағым жасауға құқылы.
Тармақ 27
27. Лицензияның қолданылуын тоқтату себептерi жойылғаннан кейiн Лицензиардың шешiмi бойынша лицензия қайтадан қолданылады.
Тарау 10. 10. Есепке алу және бақылау
10. Есепке алу және бақылау
Тармақ 28
28. Лицензияларды есепке алды, сондай-ақ лицензиялық ережелердің сақталуын Лицензиар жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. Лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарымен ережелердi сақтауын тексерудi Лицензиар заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
Тармақ 30
30. Лицензиар Лицензиатқа лицензиялық ережелердің орындалуы туралы қажеттi құжаттар мен ақпаратты, қызметтің лицензияланатын түрi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiк жөнiндегi жылсайынғы есептi табыс етедi.
Басқа 85. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сатуға арналған лицензияларды, сондай-ақ түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тысқары сатуға арналған рұқсаттарды ресiмдеудiң тәртiбi туралы Ережелер
Қазақстан Республикасы Энергетика индустрия және сауда министрінің 1999 жылғы 6 қыркүйек N 259 бұйрығымен бекітілді Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сатуға арналған лицензияларды, сондай-ақ түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тысқары сатуға арналған рұқсаттарды ресiмдеудiң тәртiбi туралы Ережелер 📌 Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 71 бұйрығымен.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер: Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығына; Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 283-1 ҚРЗ заңына ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң: "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына ; "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы' Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 қаңтардағы N 25 қаулысына ; "Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың Тәртiбiн бекiту туралы" 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 969 қаулысына ; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 969 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 98 қаулысына сәйкес әзiрленген және түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн өтiнiштердi қараудың және рұқсаттарды, лицензияларды берудiң тәртiбiн айқындайды.
Тарау 2. 2. Өтiнiштердi қараудың тәртiбi
2. Өтiнiштердi қараудың тәртiбi
Тармақ 2
2. Лицензиат (өтiнiш берушi) лицензияны ресiмдеуге арналған құжаттардың пакетiн Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экспорттық бақылау және лицензиялау департаментiне (бұдан әрi - департамент) табыс етедi.
Тармақ 3
3. Департаменттiң қызметкерлерi құжаттарды алдын ала сараптап және олар Министрлiктiң Кеңсесiнде тiркеуден өткеннен кейiн қабылдайды. Департаменттiң басшылығы орындаушыны белгiлейдi және ол бөлiм қызметкерлерi арасында мiндеттердi функционалды түрде бөлуге сәйкес Департамент бойынша бұйрықпен бекiтiледi.
Тармақ 4
4. Департаменттiң қызмет түрлерiн лицензиялау бөлiмiнiң маманы, белгiленген тәртiппен бекiтiлген лауазымдық нұсқаулармен оған жүктелген функциональдық мiндеттерге сәйкес өтiнiш берушiлердiң құжаттарын лицензиаттарға қойылатын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 969 қаулысымен бекiтiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.
Тармақ 5
5. Лицензиялау бөлiмiнiң маманы лицензиат рұқсат алу үшiн табыс еткен дайындалған сынықтардың тегiн растайтын құжаттаманы талдайды, расталған мөлшерге қорытынды дайындайды. Қажет жағдайда сараптама жүргiзу үшiн Министрлiктiң басқа департаменттерiнiң мамандары тартылуы мүмкiн. Қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын сату үшiн рұқсат беруге арналған құжаттарды қарау кезiнде Департамент сынықтарды тапсырушылардан сынықтың тегiн растайтын бастапқы құжаттарды талап етуге құқылы. Қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары тегiнiң болуы мен заңдылығын, оның ГОСТ-ға сәйкестiгiн жергiлiктi атқарушы және құқық қорғау органдары тартылып тексерiлуi мүмкiн. Тексерудiң нәтижелерi актiмен ресiмделедi.
Тармақ 6
6. Өтiнiш берушi табыс еткен лицензия немесе рұқсат алуға арналған құжаттар оның құрамы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген жұмыс тобының қарауына шығарылады.
Тармақ 7
7. Жұмыс тобының шешiмi, жұмыс тобының мүшелерi оған қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
Тармақ 8
8. Лицензиялар барлық қажеттi құжаттар бар өтiнiш берiлген күннен бастап айлық мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - 10 күннен кешiктiрмей берiледi. Рұқсатты алуға берiлген өтiнiштi қарау мерзiмi 30 күннен аспайды.
Тармақ 9
9. Ресiмделген құжаттарды Департаменттiң басшылығы Министрге қол қоюына ұсынады.
Тармақ 10
10. Лицензия өтiнiш берушiге лицензиялық алым төленгеннен кейiн қол қойылып берiледi.
Тармақ 11
11. Лицензиаттардың тiзiмiнде тиiстi жазу жазылады.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының аумағында түстi және қараметалдардың сынықтары мен қалдықтарын сатуға Лицензиардың қосымша рұқсатынсыз лицензияның негiзiнде рұқсат етiледi. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын республикадан тысқары сату ерекше шарттарда "сату: ҚР, ТМД елдерi, алыс шетел" деген жазу жазылған лицензияның негiзiнде рұқсат етiледi. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ сынықтарға жатқызылған пайдалануда болған рельстердi және темiр жол төсемiнiң элементтерiн республикадан тысқары сату үшiн рұқсат алу үшiн заңды тұлғаның түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, өңдеуге және сатуға арналған лицензиясы болуға тиiс.
Тармақ 13
13. Өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тартылса, Департамент белгiленген тәртіппен негiзделген жазбаша жауапты ресiмдейдi.
Тарау 3. 3. Құжаттардың тiзбесi
3. Құжаттардың тiзбесi
Тармақ 14
14. "Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың тәртiбiнiң 5-тарауына сәйкес қызмет түрiне арналған лицензияны алу үшiн өтiнiш берушi:
Тармақша 1
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
Тармақша 2
2) лицензиаттың "Лицензиялау туралы" Жарлығының 15-бабының талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
Тармақша 3
3) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алымды енгiзгенiн растайтын құжатты табыс етуi қажет.
Тармақ 15
15. Түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тысқары сатуға арналған лицензияны алу үшiн: өтiнiш; қызметтiң осы түрiне арналған лицензияның көшiрмесiн; металдардың сынықтарына жүргiзiлген жинау (дайындау), қайта өңдеу, туралы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиiстi әкiмшiлiктерiмен расталған есептi; сынықтар мен қалдықтардың тегiнiң заңдылығын растайтын құжаттар, оның iшiнде: сатушының тиiстi лицензиясының көшiрмесiмен түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын сату-сатып алу шарты (сатушы мен сынықтардың иесiнiң қолы қойылған беру-қабылдап алу актiсiнiң болуы мiндеттi шарт болып табылады (актiде тараптардың деректемелерi, лицензияларының нөмiрлерi, өткiзiлетiн металл туралы мәлiмет көрсетiлуi қажет); есеп ведомiсiмен толтырылған негiзгi жабдықтар мен материалдардың (ақауы бар өнiмнiң ОС-4, МБ-8 нысаны) есептен шығару актiлерiн ұсыну қажет.
Тармақ 16
16. Арнайы кәсiпорындардан сынықтарды алу арнайы кәсiпорынның ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне бұрын табыс етiлген қосымша есебiмен расталуға тиiс.
Тармақ 17
17. Пайдалануда болған темiр жол төсемiнiң элементтерiн (п/б рельстер, п/б стрелкалы өткелдер) және қозғалмалы құрылымдардың пайдалануда болған элементтерiн ( п/б дөңгелек жұптары, белдiктер) республикадан тысқары сату үшiн лицензиат мыналарды ұсынуы қажет: еркiн нысандағы өтiнiш; мемлекеттiк лицензияның көшiрмесi; металдардың сынықтарына жүргiзiлген жинау (дайындау) қайта өңдеу, туралы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиiстi әкiмшiлiктерiмен расталған есептi; сынықтар мен қалдықтардың тегiнiң заңдылығын растайтын құжаттар, оның iшiнде: қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сату-сатып алу шарты (сатушы мен сынықтардың алғашқы иесiнiң қолы қойылған беру-қабылдап алу актiсiнiң болуы мiндеттi шарт болып табылады (актiде тараптардың деректемелерi, лицензияларының нөмiрлерi, өткiзiлетiн металл туралы мәлiмет көрсетiлуi қажет); негiзгi жабдықтарды есептен шығару актiлерi; негiзгi құралдары бар кәсiпорындардан - меншiк иелерiнен жолдан алынған жолдың жоғарғы құрылымының ескi материалдарының жағдайы туралы өтiнiште көрсетiлген мөлшердi растайтын актiлер.
Тарау 4. 4. Лицензиялар мен рұқсаттарды берудiң тәртiбi
4. Лицензиялар мен рұқсаттарды берудiң тәртiбi
Тармақ 19
19. Қызмет түрiне арналған лицензияға және түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге арналған рұқсатқа Министр қол қояды.
Тармақ 20
20. Лицензиялар мен рұқсаттардың бланктерiнiң қорғалу дәрежесi бар және олар Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң елтаңбалы мөрiмен расталады.
Тармақ 21
21. Лицензиялар мен рұқсаттар өтiнiш берушi растаған алуға арналған сенiмхат болғанда берiледi.
Тарау 5. 5. Жауапкершілiк
5. Жауапкершілiк
Тармақ 22
22. Лицензияны және түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге арналған рұқсатты алу үшiн табыс етiлген құжаттардағы деректердiң дұрыстығы мен толықтығы үшiн жауапкершiлiк өтiнiш берушiге (лицензиатқа) жүктеледi.
Тармақ 23
23. Лицензиялар мен рұқсаттарды беру мерзiмдерiнiң сақталуы үшiн жауапкершiлiк бөлiмнiң бастығы мен орындаушыға жүктеледi.