О представлении льгот на санаторно-курортное лечение участникам Великой Отечественной войны и боевых действий в Афганистане, инвалидам по состоянию здоровья, проживающим в Атырауской области Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына, денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге жеңілдік беру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына, денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге жеңілдіктер беру туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті осы қаулымен бекітілген Ережеге сәйкес жеңілдіктердің тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Атырау облысы қаржы департаменті облыстық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат есебінен уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 71 "Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторий-курорттық емделу үшін жеңілдік беру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қайненовке жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімиятының
2006 жылғы 20 маусымдағы
N 167 қаулысымен бекітілген
Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына,
денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге санаторий-
курорттық емделуге жеңілдік беру туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес дайындалды.
Тарау 2. 2. Жеңілдікті тағайындау тәртібі
2. Жеңілдікті тағайындау тәртібі
Тармақ 2
2. Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге санаторий-курорттық емделу үшін жеңілдік беруді Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (бұдан әрі - Департамент) жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге жеңілдіктер жолдама түрінде, барып-келу жол ақысын қоса алғанда, беріледі.
Тармақ 4
4. Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушылары Департаментке өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттық көшірмесі;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысына және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушы екенін растайтын куәліктің көшірмесі;-курорттық картаның
көшірмесі;
Тармақша 4
4) тұрғылықты жері туралы анықтама немесе тұрғындар есебі кітабының көшірмесі қоса беріледі.
Тармақша 5
5) мүгедектік туралы анықтаманың және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан өзінді көшірмелері.
Тармақ 5
5. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшін қажетті
құжаттар Департаментке салыстыру үшін тұпнұсқалар мен көшірмелер түрінде беріледі. Салыстырудан кейін құжаттардың тұпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 6
6. Барлық қажетті құжаттар төгел болған жағдайда, Департамент
жолдама беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 7
7. Арыз қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде қаралып, нәтижесінде өтініш берушіге дәлелді жазбаша жауап беріледі.
Тармақ 8
8. Жолдама күнтізбелік жылға бір рет беріледі.
Тармақ 9
9. Барып-келу жол ақысын қоса алғанда жолдаманың құны облыстық бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
Тарау 3. 3. Жеңілдікті қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Жеңілдікті қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 10
10. Жеңілдіктерді қаржыландыру облыстық бюджетте осы мақсатта
қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Санаторий-курорттық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы N 321 "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес анықталады.
Тарау 4. 4. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі
4. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі
Тармақ 12
12. Жеңілдіктерді төлеу бойынша есеп жүргізу және есептілік жүргізу Департаментке жүктеледі.
Тармақ 13
13. Департамент ай сайын 10-күніне дейін санаторий-курорттық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар төлеген қаражат бойынша салыстыру актісін жасайды.
Тармақ 14
14. Жеңілдіктерді төлеуге бөлінген қаражаттық мақсатты жұмсалуын бақылау уәкілетті органдарға жүктеледі.