О таможенном оформлении товаров и транспортных средств, перемещаемых физическими лицами через пункты пропуска "Коргас", "Бахты", "Достык", "Майкапшагай", "Колжат" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қорғас", "Бахты", "Достық", "Майқапшағай", "Қалжат" бекеттері арқылы жеке тұлғалар алып жүретін көлік құралдары мен тауарларды кедендік рәсімдеу туралы
Тармақ 16
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы"  Заңының  154 бабына және 1992 жылғы 26 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Халықаралық автомобиль қатынасы туралы" Келісімнің 18 бабына сәйкес, Қытай Халық Республикасының аумағынан Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың әкелетін тауарларын бақылауды күшейту мақсатында Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Майқапшағай", "Бахты", "Қорғас", "Достық", "Қалжат" автокөлік өткізу бекеттері арқылы Қазақстан Республикасына жеке тұлғалардың әкелетін тауарлары мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар алу және кедендік ресімдеуді жүргізу үшін   "Майқапшағай", "Бахты" кедендерінің іс-әрекет аймағында орналасқан уақытша сақтау қоймаларына жеткізілуі тиіс немесе тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасы аумағындағы тағайындалған кеден органына кедендік тасымалдаушы арқылы жеткізіледі деп белгіленсін. "Қорғас" және "Достық" автокөлік өткізу бекеттері арқылы, тұрақты халықаралық автокөлік бағыттарын орындаушы және "А" Рұқсат түрінің" бланкілерін пайдаланушы автобустарды өткізу кезінде, оларға тағайындалған үш жүк таситын автокөліктен кедендік төлемдер мен салықтар алу үшін, олардың кеден органдарына жеткізілуіне, кедендік шығарып салу жүзеге асырылсын. Ескерту: 1-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 5 қарашадағы N 86   бұйрығымен ,  2003 жылғы 18 сәуірдегі N 153   бұйрығымен .
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін. Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 5 қарашадағы N 86   бұйрығымен .