О мерах по организации погашения кредиторской задолженности Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кредиторлардың төленбеген қарыздарын өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 17.08.2004 № 33 шешімімен. Қазақстан Республикасының «1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 1998 жылғы 16 желтоқсандағы N 318-1 Заңының 5-1-бабына және облыстық мәслихат сессиясының 1999 жылғы 28 сәуірдегі N 24-1 шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдардың кредиторлық қарыздарын өтеу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 1999 жылға арналған жергілікті бюджетке кредиторлық қарызды өтеу тәртібі туралы қоса тіркелген ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Кредиторлық қарызды өтеуге қатысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссия мына құрамда құрылсын: А.С. Жабалбаева - облыстық қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары, комиссия төрағасы М.М. Әбдірахманов - облыстық салық комитетінің төрағасы Е.Н. Барабаш - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары-бюджет бөлімінің бастығы Е.М. Жұмағалиев - облыстық экономика басқармасының бастығы Д.С. Сағатов - облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы Т.В. Соболева - облыстық қазынашылық басқармасының бастығы
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық қаржы басқармасына жүктелсің.
Басқа 4. 1999 жылғы жергілікті бюджетке кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі туралы ЕРЕЖЕЛЕР.
Қазақстан Республикасының Бекітемін Қаржы Министрлігімен Облыс әкімінің міндетін Келісілген атқарушы Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі ___________Ж.Ертлесова __________Маючий А.Ф. 20.07.1999ж. 14.07.1999ж. 1999 жылғы жергілікті бюджетке кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі туралы ЕРЕЖЕЛЕР.
Тармақ 1
1. Осы ережелер Батыс Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының 1999 жылғы 28 сәуірдегі №24-1 шешіміне сәйкес әзірленген және жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы №217 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 28 мамырда 517-нөмірмен тіркелген Бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы нұсқаулығына сәйкес есеп тапсырып келген бюджеттік ұйымдарға таратылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы ережелер жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келген бюджеттік ұйымдардың тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілердің алдында кредиторлық берешегін жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешегін өтеу есебінің тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Өтеу тек бюджеттік ұйымдардың тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушілердің алдындағы 1998 жылгы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кредиторлық берешегі және тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілердің «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында бөлінетін салықтар мен алымдардан басқа негізгі борышты, өсімақыны және айыппұлдарды қоса есептегенде және облыс пен аудандық (қалалық) бюджеттердің арасында 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша есеп айырысу жүргізілген сәтте өтелмеген жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешектерді (бұдан әрі-жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешек) өтеу бойынша ғана 1999 жылға арналған бюджетте осы мақсатқа көзделген сомалардың шегінде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық берешектерді өтеуді: - бюджеттік ұйымдардың тікелей тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушілері; - бюджеттік ұйымдарға тікелей тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушінің одан кейінгі берушілерінің (бұдан әрі - Берушілер) бірі болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыруы мүмкін.
Тармақ 4
4. Облыс Әкімінің шешімімен консультативтік- кеңесші орган ретінде кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөнінде комиссия құрылады. Комиссия:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдардың тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілер алдындағы кредиторлық берешегін өтеуге байланысты мәселелерді реттеу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау;
Тармақша 2
2) Облыс (қала, аудан) әкімінің қарауына кредиторлық берешекті өтеу мәселелерін реттейтін актілердің жобасын енгізу мақсатында құралады. Комиссияның ұсынысы Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын хаттамалармен ресімделеді.
Тарау 2. ІІ. Бюджеттік ұйымдардың кредиторлық берешегін тіркеудің тәртібі
ІІ. Бюджеттік ұйымдардың кредиторлық берешегін тіркеудің тәртібі
Тармақ 5
5. Бюджеттік ұйым 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әрбір тікелей берушімен өзінің кредиторлық берешектерін салыстыру актісін жасайды. Ұсынылған актілер бойынша кредиторлық берешектің жалпы сомасы бюджеттік ұйымның 1999 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылдық бухгалтерлік есебінде көрсетілген кредиторлық берешегінің сомасынан аспауы тиіс. Кредиторлық берешекті салыстыру актілерінің түпнұсқалары екі данада бюджеттік ұйыммен жергілікті қаржы органдарына ұсынылады.
Тармақ 6
6. Бюджеттік ұйымның кредиторлық берешегінің салыстыру актілеріндегі көрсетілген сомаларының дұрыстығы үшін жауапкершілік бюджеттік ұйымның басшысына жүктеледі.
Тармақ 7
7. Жергілікті қаржы органдары аталған салыстыру актілерінің негізінде әрбір бюджеттік ұйым бойынша №1 нысанда 1998 жылғы 31 желтоқсанға кредиторлық берешектің бар екендігі туралы анықтамалар жасайды. Әрбір бюджеттік ұйым бойынша барлық актілерге жылдық бухгалтерлік баланстың немесе бастапқы есепке алудың деректерімен салыстырылғаннан кейін жергілікті қаржы органы мен бюджеттік ұйымның басшылары қол қоятын және мөрлермен бекітілетін бір анықтама жасалады. Үш данадағы анықтамалар №2 нысан бойынша нөмірленуі, жіппен баулануы және мастикалық мөр басылуы тиіс кредиторлық берешекті тіркеу журналында бір нөмірмен тіркеледі. Журналдағы парақтардың саны жергілікті қаржы органы басшысының қолымен расталады. Анықтаманың нөмірі журналдағы нөмірдің реті бойынша қойылады. Одан басқа, анықтамада салық органдарының анықтамалығы бойынша облыстың екі орынды салықтық коды 01, бюджеттік ұйымдардың анықтамалығы бойынша бюджеттік ұйымның жеті орынды коды, тікелей берушінің реттік нөмірі қойылады. Бұл кодтар арнаулы тіркеу кодын (тоғыз орынды код/тікелей берушінің реттік нөмірі) құрайды.
Тармақ 8
8. Кредиторлық берешектің сомасын растайтын анықтаманың салыстыру актісі бір данада қоса берілген бір данасы жергілікті қаржы органында қалады және әрбір бюджеттік ұйым бойынша арнаулы жүргізілген ісқағазда сақталады. Жергілікті қаржы органының жауапты атқарушылары бюджеттік ұйымға екі данада анықтаманы және актілерге кредиторлық берешектің тіркелгендігін растайтын жергілікті қаржы органының мөртаңбасын алдын-ала қойып салыстыру актілерінің бір-бір данасын қайтарады.
Тарау iii. III. Бюджеттік ұйымдардың кредиторлық берешекті өтеу үшін құжаттарды дайындауы және ұсынуы.
III. Бюджеттік ұйымдардың кредиторлық берешекті өтеу үшін құжаттарды дайындауы және ұсынуы.
Тармақ 9
9. Бюджеттік ұйым тікелей берушілерден жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша олардың кредиторлық берешегі туралы ақпарат сұратады.
Тармақ 10
10. Жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі бар тікелей беруші тіркелген жері бойынша аумақтық салық органынан негізгі борышты, өсімақыны және айыппұлдарды көрсете отырып, әрбір түрі бойынша кредиторлық берешектің бар-жоғы туралы анықтама сұратады және оны бюджеттік ұйымға жолдайды. Банкрот болып жарияланған кәсіпорындардың кредиторлық берешегі бар екендігі туралы аңықтамалар конкурстық басқарушымен расталады.
Тармақ 11
11. Салық органы берілген аңықтамаларды есепке алудың нөмірленуі, баулануы және мастикалық мөр басылуы тиіс журналын жүргізеді. Журналдағы парақтардың саны салық органы басшысының қолы қойылып расталады. Аңықтамада міндетті түрде бюджеттік ұйымның атауы көрсетіле отырып, "Бюджеттік ұйымның кредиторлық берешектерін өтеу үшін" деген белгі қойылады. Егер тікелей берушіден жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешектің бар екендігі туралы бір мезгілде бірнеше бюджеттік ұйымдар аңықтама сұрататын болса, салық органы әрбір бюджеттік ұйым үшін жеке анықтама береді, анықтаманың нөмірі негізгі анықтаманың нөміріне сызбаға қатысушы бюджеттік мекемелердің саны бойынша әріптік белгі қосылады.
Тармақ 12
12. Тікелей берушінің жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмаған жағдайда, сондай-ақ егер бюджеттік ұйымның кредиторлық берешегі тікелей берушінің жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешегінің сомасынан асатын болса, тікелей беруші олардың алдында өзінің кредиторлық берешегі бар Берушілерден, сондай-ақ одан кейінгі Берушілерден олардың жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегінің бар-жоғы туралы ақпарат сұратады. Жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешегі бар берушілер тікелей берушіге осы Ереженің 13 тармағына сәйкес аумақтық салық органдарының анықтамасын ұсынады.
Тармақ 13
13. Тікелей беруші берушінің салық органының анықтамасында көрсетілген берешегінің сомасын анықтаманы ұсынған Берушінің алдындағы өзінің кредиторлық берешегінің сомасымен және бюджеттік ұйыммен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешектің сомасымен салыстырады. Берушімен бірге тікелей беруші мен Берушінің басшылары қол қойган төрт данада салық органының анықтамасында көрсетілген сомаға тең, бірақ бюджеттік ұйымның берілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін кредиторлық берешегінің сомасынан аспайтын сомаға кредиторлық берешекті салыстыру актісін жасайды. Әрбір салыстыру актісі мен салық органдары анықтамаларының екі данасы бюджеттік ұйымға жолданады.
Тармақ 14
14. Бюджеттік ұйым тікелей беруші мен Берушінің тіркелген жері бойынша салық органдарының кредиторлық берешектің бар-жоғы туралы анықтамаларында көрсетілген сомаларды салыстыру актілерінде көрсетілген сомалармен және өзінің кредиторлық берешегінің сомасымен салыстырады және №3 нысан бойынша, осы Ереженің IV бөліміне сәйкес тәртіппен төрт данада кредиторлық берешекті өтеудің сызбасын жасайды. Тікелей беруші мен оның Берушісінің тіркелген жері бойынша салық органдарының анықтамаларымен расталған берешектің жалпы сомасы бюджеттік ұйымның кредиторлық берешегінің сомасынан аспауы тиіс.
Тармақ 15
15. Бюджеттік ұйым тікелей беруші мен оның Берушісінің арасындағы кредиторлық берешекті салыстыру актілерінің түпнұсқаларын оған қоса беру арқылы өтелген кредиторлық берешекті өтеу сызбасының барлық данасын Берушілердің жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегінің бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамаларын бір-бір данадан жергілікті қаржы органына тіркеуге жолдайды. Бюджеттік ұйым тікелей берушіге құжаттардың алынғандығы және ол мен оның Берушілерінің өтеу сызбасына енгізілгендігі туралы ресми хабарлайды. Тікелей беруші бюджеттік ұйымның хабарлауын өзінің өзі тіркелген және өтеу сызбасына қатысушы Берушілер тіркелген жер бойынша салық органыдарына жолдайды.
Тармақ 16
16. Кредиторлық берешекті салыстыру актілері аумақтық қаржы органдарында арнаулы тіркеу кодымен № 4 нысан бойынша Берушілердің кредиторлық берешегін салыстыру актілерін тіркеу журналында тіркеледі. Аумақтық қаржы органы осы Ереженің 28 тармағында көрсетілген кредиторлық берешекті өтеу сызбасына қоса берілген қажетті құжаттардың бар-жоғын тексереді. Кредиторлық берешекті өтеу сызбасы 2 нысан бойынша кредиторлық берешекті тіркеу журналында тіркеледі. Тіркелген кредиторлық берешекті өтеу сызбасының көшермесін бюджеттік ұйымға қызмет көрсететін қазынашылық органы есеп айырысуға қатысатын барлық қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткізеді.
Тармақ 17
17. Қазынашылық органдары айырысулар жүргізу үшін мынадай шоттар: - қазынашылық органыдарында бюджеттік шоттары жоқ бюджеттік ұйымдарға министрлік рұқсатының негізінде 1 МБР және 1 МБЗ нысандары бойынша олардың орналасқан жері бойынша, 1996 жылғы 2 желтоқсаңдағы № 264 жергілікті бюджеттегі мекемелердің қаржыландыруы туралы ңұскаулығына сәйкес қаржыларды лимиттер белгілеу жұмсау; - кредиторлық берешекті өтеу сызбасының негізінде тікелей беруші мен Берушілердің орналасқан жері бойынша қазынашылықтын аумақтық органыдарында кредиторлық берешекті өтеу сызбасыны енгізілген тікелей беруші мен Берушелерге жұмсау құқығысыз ағымдағы шоттар ашады. - Ағымда (уақытша) шоттар міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің Басқармасының 1997 жылғы 4 наурыздағы «Екінші деңгейдегі банктердің клиенттерінің банктік шоттарының ашылуының, жүргізілуінің және жабылуының тәртібі туралы» №61 қаулысына сәйкес Нұсқаулығының талаптары бойынша қойылған қолдардың ресімделген үлгісін ұсынуымен ашылады. Ағымдағы шоттарды ашқан қазынашылық аумақтық органдары аталған шоттардың ашылғандығы туралы бюджеттік ұйымға қызмет көрсетілетін қазынашылықтың аумақтық органына хабарлайды.
Тармақ 18
18. Бюджеттік ұйым бағдарламалардың әкімшілерінің басқармасына екі данада белгіленген тәртіппен жасалған және тіркелген кредиторлық берешекті өтеудің сызбасын ұсынады. Қажет болған жағдайда бағдарламалардың әкімшілерінің басқармасы бюджеттік ұйымнан қосымша құжаттар талап етуге құқығы бар.
Тармақ 19
19. Бағдарламалардың әкімшісі алынған сызбаның негізінде №5 нысан бойынша кредиторлық берешекті өтеуге қатысушы бюджеттік ұйымдардың тізілімін жасайды және сызбалармен бірге Облыстық қаржы басқармасының қарауына жолдайды.
Тарау iv. IV. Кредиторлық берешекті өтеудің сызбаларын жасаудың тәртібі.
IV. Кредиторлық берешекті өтеудің сызбаларын жасаудың тәртібі.
Тармақ 20
20. Бюджеттік ұйым жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша Берушілердің кредиторлық берешегінің бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары мен Берушілердің кредиторлық берешегін салыстыру актілерін алғаннан кейін оларды өздерінің тікелей берушінің алдындағы кредиторлық берешегінің сомасымен салыстырады және сызбаға кіргізу үшін берешектің сомасын айқындайды. Сызба тікелей беруші мен Берушілердің республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешектерінің сомасына, бірақ бюджеттік ұйымның тікелей беруші алдындағы кредиторлық берешегінің сомасынан аспайтын сомада жасалады.
Тармақ 21
21. Сызба әрбір тікелей берушіге жасалады. Тікелей берушіде жергілікті бюджетке жасалатын төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмаған жағдайда сызбада есеп айыруға қатысатын барлық Берушілер көрсетіледі.
Тармақ 22
22. № 3 нысанның 1-бағанында олар бойынша тікелей берушінің алдында кредиторлық берешек бар экономикалық жіктеудің ерекшеліктері, 2- бағанында- әр ерекшелік бойынша кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі. Тікелей берушінің жергілікті бюджеттің алдындағы берешегі 7-бағанда тікелей берушінің атауы, орналасқан жері және СТН-і мен 8-бағанда олар бойынша жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегі бар кірістердің кодтары көрсетіле отырып 9-бағанда көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Тікелей берушіде жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмауы және оның басқа Берушіде болуы жағдайында тікелей берушінің (2-берушінің) алдындағы өтеу сомасында кредиторлық берешегі 4-бағанда көрсетіледі. 3-бағанда тікелей берушінің атауы, орналасқан жері, СТН-і көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Егер, өз кезегінде 2-берушінің жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық, берешегі болмаса, бірақ өз кезегінде, жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық, берешегі бар 3-Берушінің алдында кредиторлық берешегі болса, 2-Берушінің 3-Берушінің алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешегі 6-бағанда көрсетіледі. 5-бағанда 2-Берушінің атауы, орналасқан жері және СТН-і көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Берушілердің саны көбейген жағдайда, жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегі жоқ 2-Берушіден бастап барлық Берушілер 6-бағанда өтеу сомалары көрсетіле отырып 5-бағанда жеке жолдарда көрсетіледі.
Тармақ 26
26. Берушілердің жергілікті бюджеттің алдындағы кредиторлық берешегі 7-бағанда салық төлеушінің атауы, орналасқан жері және СТН-і мен 8-бағанда ол бойынша жергілікті бюджеттің алдындағы кредиторлық берешегі бар кірістердің кодтары көрсетіле отырып 9-бағанда көрсетіледі.
Тармақ 27
27. 2 және 9 бағандардың сомасы тең болуы тиіс және бюджеттік ұйымның қаржы органдарында тіркелген тікелей берушінің алдындағы және соңғы Берушінің салық органдарының анықтамасында көрсетілген жергілікті бюджеттің алдындағы кредиторлық берешегінің сомаларынан аспауы тиіс.
Тармақ 28
28. Сызбаға олардың негізінде акт жасалатын барлық құжаттар: - нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып, Берушілердің жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегінің бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары; - нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып, бюджеттік ұйымның тікелей берушінің алдындағы кредиторлық берешегінің бар-жоғы туралы қаржы органдарының анықтамалары; - нөмірлері, қол қойылған күндері, тіркелген күні және қаржы органының тіркеу нөмірі көрсетіле отырып, Берушілердің кредиторлық берешегінің салыстыру актісі қоса беріледі.
Тармақ 29
29. Кредиторлық берешекті өтеудің сызбасына бюджеттік ұйымның және тікелей берушінің, есеп айырысуға енгізілген басқа да Берушілердің басшылары қол қояды, бюджеттік ұйымның кредиторлық берешегі тіркелген қаржы органында тіркеледі.
Тармақ 30
30. Қаржы органы сызбаға кредиторлық берешекті тіркеудің арнаулы кодына (Берушінің тоғыз орынды коды/реттік нөмірі) сәйкес келетін нөмір береді және есеп айырысудағы қатысушы барлық берушілердің орналасқан жері бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына жолдайды.
Тарау v. V. Кредиторлық берешекті өтеу жөніндегі есеп айырысуларды жургізудің тәртібі.
V. Кредиторлық берешекті өтеу жөніндегі есеп айырысуларды жургізудің тәртібі.
Тармақ 31
31. Облыс (қала, аудан) әкімінің кредиторлық берешектерді өтеу туралы шешіміне негізделіп, аумақтық қаржы басқармасы қаржылық рұқсат дайындайды. Қаржылық рұқсатқа кредиторлық берешекті өтеуге қатысушы бюджеттік ұйымдардың тізілімі қоса беріледі.
Тармақ 32
32. Облыстық қаржы басқармасы бағдарламалардың әкімші-басқармасына тізбелер қоса берілген қаржылық рұқсат жазады. Басқарма бюджеттік ұйымға бюджеттік ұйымдардың тізбесіне сәйкес қаржылық рұқсат жазады.
Тармақ 33
33. Бюджеттік ұйымның шоты ашылған қазынашылық аумақтық органы қаржыландыру лимиттері келіп түскен жағдайда электронды почтамен 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша расталған күні өтелмеген жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешектің бар екендігіне растау алу үшін салық төлеушінің тіркелген жері бойынша тиісті салық органына №6 нысан бойынша сұрау салу-растау жолдайды.
Тармақ 34
34. Салық органы тек бір рет бұрын тиісті анықтамада көрсетілген салық төлеушінің берешегін растайды және салық төлеушінің жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегінің бар-жоғын растаған сәттен бастап салық төлеушінің тиісті қазынашылық органында ашылған ағымдағы шотына төлем тапсырмасы түскенге дейін көрсетілген сұрау салу-растаудағы кредиторлық берешекті өтеу шотына төлемдерді қабылдауды тоқтатады. №6 нысан бойынша сұрау салу-растау алған сәтте сәйкесті салық органы салық төлеуші-берушінің тіркелген жері бойынша кредиторлық берешекті өтеуге қатысты сомалар көрсетілген уақытша жеке шот ашады. Төлем тапсырмасы түскеннен кейін уақытша жеке шот жабылады.
Тармақ 35
35. Бюджеттік мекеме тікелей берушінің ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазады және оны төлеу үшін қазынашылық органына ұсынады.
Тармақ 36
36. Қаржыландыру лимиті түскен аумақтық қаржы органы салық органы растаған соманы кредиторлық берешекті өтеу сызбасымен және бюджеттік ұйымның төлем тапсырмасымен салыстырады. Олар сәйкес келген жағдайда төлем тапсырмасы арналымы бойынша жөнелтіледі. Лимиттің қалған сомасы кері қайтарып алуға жатады. Салық органы сұрау салуды растамаған немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің төлем тапсырмасы болмаған жағдайда, қаржы органы төлем тапсырмасын қабылдамайды.
Тармақ 37
37. Тікелей беруші 107101 «Берешектерді өтеу» кіріс коды бойынша салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының СТН-ін көрсете отырып, ағымдағы шоттан 080 «Бюджеттердің арасында бөлінетін кірістер» шотына төлем тапсырмасын жазады. Бұл ретте, төлем тапсырмасында мынадай деректемелер: МФО, шоттың нөмірі, Берушінің (салық төлеушінің) атауы, реттік нөмірімен бірге тіркеудің тоғыз орынды коды және төлемді тағайындаудың мәтіндік кеңістігінде «Кредиторлық берешекті өтеу» деген сөз, төлемнің арналған коды (107101), шығыстардың тоғыз орынды коды (бюджеттік ұйымдар үшін), төлемнің сомасы көрсетілуі міндетті.
Тармақ 38
38. Тікелей берушіде жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмаған жағдайда тікелей беруші 2-Берушінің расталған берешегінің сомасына оның орналасқан жері бойынша қазынашылықтың аумақтық органы ашқан оның ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазады. 2-Беруші, өз кезегінде, осы Ереженің 37 тармағына сәйкес жергілікті бюджеттің кірісіне төлем тапсырмасын жазады. Сызбаға сәйкес бірнеше Беруші қатысқан жағдайда төлем тапсырмасы бір Берушінің ағымдағы шотынан екінші Берушінің ағымдағы шотына жазылады.
Тармақ 39
39. Қазынашылықтық аумақтық органы өтеу сызбасына сәйкес жергілікті бюджеттің кірісіне соңғы төлем жүргізгеннен кейін электронды почтамен төлемдер жүргізілген қазынашылық органдарына төлем тапсырмаларын жібереді. Жауапты атқарушы арнайы жүргізілген іс қағазына төлем тапсырмасын тігеді және кредиторлық берешекті өтеу сызбасына, кредиторлық берешекті өтеу журналына және Берушілердің кредиторлық берешегін салыстыру актілерін тіркеу журналына белгі соғады. Одан басқа, салық төлеушінің ағымдағы шоты ашылған қазынашылықтың аумақтық органы салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органына оның бұрын осы салық органы растаған жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегінің өтелгендігі туралы №6 нысан бойынша растау жолдайды.
Тарау vi. VI. Есеп және есептілік.
VI. Есеп және есептілік.
Тармақ 40
40. Бюджеттік ұйым төлем тапсырмасының көшірмесінің негізінде бухгалтерлік есеп пен есептілікке тікелей берушілердің алдындағы кредиторлық берешектің өтелгендігін көрсетеді. Мемлекеттік мекемелер болып табылмайтын бюджеттік ұйымдар кредиторлық берешекті өтеудің сомасына қаржылық органдарына олар бойынша кредиторлық берешекті өтеу жүргізілген бюджеттік жіктеу бағдарламасы бойынша 2 «Ұйымның шығыстары сметасының орындалуы туралы есеп» нысаны (коды 0603008) бойынша есеп ұсынады. Қаржы органының жауапты атқарушысы ұсынылған есептерді тіркегеннен кейін бақылау визасы мен оң жақтағы жоғары бұрышына мөртаңба қояды. Қаржы органының визасы мен мөртаңбасы бар есеп оны белгіленген мерзімдерде бағдарламалардың әкімшілерінің басқармасына жолдайтын бюджеттік ұйымға қайтарылады. Мемлекеттік болып табылатын бюджеттік ұйымда берешекті өтеуді бухгалтерлік есепте көрсетудің тәртібі Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардың бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы 217 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік ұйымдардың жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есептілігінің көлемі мен нысандары туралы» Нұсқаулықты белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.
Тармақ 41
41. Аумақтық салық органы қазынашылықтың аумақтық органың осы Ереженің 39 тармағында көзделген тәртіппен берілген төлем тапсырмасы мен растауды алған кезде қазынашылықтың аумақтық органың растауында берілген салық органының анықтамасында көрсетілген төлемдердің түрлері бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасында көрсетілген сомаға тең сомадағы кредиторлық берешегін есептен шығарады. Түсімдер туралы есепте аталған төлемдер 107101 Берешекті өтеу коды бойынша көрсетіледі.
Тармақ 42
42. Есепте бір берушінің екінші берушінің алдындағы кредиторлық берешегенің есептен шығару үшін қазынашылық аумақтық органы растаған ағымдағы шот бойыншы үзіндінің көшірмесі мен төлем тапсырмасының көшермесі негіздеме болып алынады.
Тарау vii. VII. Жауаптылық
VII. Жауаптылық
Тармақ 43
43. Бағдарламалардың әкімшілері, аумақтық қаржы органдары, бюджеттік ұйымдар, тікелей берушілер, Берушілер, қазынашылықтың аумақтық органдары, салық органдары, тағы басқа ұйымдар сенімсіз және алдын-ала жалған мәліметтер ұсынғаны үшін заңдылыққа сәйкес жауаптылықта болады.