Аққыстау селосындағы көшелерге жаңа аттар беру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққыстау селосындағы көшелерге жаңа аттар беру туралы «Қазақстан республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4 тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық онамастикалық комиссиясының 17 сәуір 2008 жылғы ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Аққыстау селосындағы жаңа көшелерге Каспий, Қаратүбек, Бірлік, Елорда, З.Гумаров, Ә.Ерекенов, Жәңгірхан және Өркен елді мекеніне Жалтыр, Қазына, Болашақ жаңа көше атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім жарияланған күннен бастап күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.